Әлем елін дүрліктірген пандемия COVID-19 атты жұқпалы ауруынан зардап шегуде.Қазіргідей халықтың көңілі құлазыған шақта, елдің еңсесін көтеріп, рухын асқақтататын дүниелер ауадай қажет.Қазіргі таңда ақпарат құралдарының жариялаған мәліметтеріне көз жіберер болсақ, ауырған бір адам кем дегенде, отыз адамға жұқтыру қауіпі бар.Осындай қауіптің алдын алудың бірден-бір жолы, той-томалақ ойын- сауық,бей-берекет жүрістен тыйылып төтенше жағдаймен карантиннің барлық талабын бұлжытпай орындап, тәртіпке бағынғанымыз жөн. Бәрімізге белгілі,мемлекет үшін ең құнды байлық-ол адам және оның өмірі екендігі белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жақында шыққан «Бірлесе білген, бәрін жеңеді»атты халыққа жолдаған мақаласында айқын айтылған.Елбасымыздың мақаласын сабырмен, байыппен талқылап қарайтын болсақ, дәл қазір қазақстандықтар үшін көптеген жеңілдіктер қарастыруда.Табысынан айырылған азаматтарға,аз қамтылған отбасыларына,көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан қалаберді « Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы қаржылай көмек көрсетілуде. Елдікпен бірлікті дәріптейтін ұлтты ұйымшылдыққа шақыратын мұндай игі-іс шаралар ынтымағымызды одан әрі үдете түсері анық.Біз бұған дейін тар жол тайғақ кешуден аман шықтық. Төтенше жағдай кезінде елімізде халық денсаулығын сақтауда аз жұмыстар атқарылған жоқ. Жан- жақты қамқорлық мол,алаңдауға негіз жоқ!
Осы орайда мемлекет басшысының жоғары оқу және колледж студенттерімен қатар,мектеп қабырғасында білім алып жүрген оқушылар үшін толыққанды мүмкіндік жасап, қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені бәрімізге белгілі. Міне, төртінші аптаға қарап бара жатқан онлайн сабақтың да қиындығы артта қалды.Алғашында қиналғанын жасырмаймыз «көш жүре түзелер»демекші, ақырындап бұл жүйеге де үйренісіп ,оқушылар үшін оңтайланып келеді. Мен еңбек етіп жүрген Бейнеу ауданындағы Үстірт орта мектебінде де өз кезегінде игі-шаралар өз жалғасын тауып,әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көп балалы отбасыларға мектебіміз тарапынан техникаларды компютер,ноутбук,модем құрылғыларын таратып ,қазіргі таңда толыққанды білім алуда.Мұғалімдер қалаберді оқушылар және ата-аналар үшін қашықтықтан оқытудың бірден-бір пайдасы оқушы тапсырманы әдеттегідей мұғалімнен қабылдап, 24 сағат ішінде сұрақтарына жауап жазып кері байланыста өз нәтижесін көрсетеді. Дегенмен, оқушылар үшін қашықтықтан білім алу,бұл мектеп қабырғасында білім алғанмен бірдей болмайтыны анық. Мұндай қиындықты мұғалім ретінде сезіп те,байқап та жүрмін.Әрине сыныпта отырып білім алғанға жетпейді,Оқушылардың алтын ұясын сағынатыны,сыныптастарымен асыр салып ойнағаны,достасып- сырласып,тапсырмаларды бірігіп дайындайтынын аңсайды,әрине. Ол күндердің де ауылы алыс емес,бұл қиындықтыда жеңіп, ол күнгеде жетерміз.Тек сабырлықпен, төзімділіктің арқасында ғана…. Ол үшін жақындарымызбен, отбасымыздың денсаулықтары үшін үйде отырып сақтануымыз тиіс.
Утеева Райхан Андрейқызы
Бейнеу ауданы
Үстірт орта мектебінің мұғалімі