Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№12 жалпы білім беру орта мектебінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Мамбеткулова Рахила Ануаркызы
Қазіргі таңда,әлемді дүр сілкіндірген бұл індет (Коронавирус)өкінішке орай біздің қазақ елін айналып өтпеді.
Басқа мемлекеттерде бұл індет таралып бастағаннан,біздің мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев мырза барлық сақтық шараларын сақтауды күшейтті.Елімізде төтенше жағдай жарияланып, барлық қызмет түрлері онлайн режиміне өтті.Сонымен қатар,мемлекет тарапынан жұмысы уақытша тоқтатылған азаматтарға,көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетілуде.Ел жанашырлары ерікті түрде,мұқтаж жандарға қол ұшын созып қолдау көрсетуде.Бұл игі істер болашақ ұрпаққа үлгі боларлық іс- әрекеттер.Қандай жағдай болмасын бірлікпен ынтымақтың арқасында барлық қиындықты жеңуге болатынын көрсетеді.Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.Елімізде бұндай жағдай алғаш рет іске асырылып отыр.Соған қарамастан,қашықтықтан оқыту барысы тиімді түрде жүргізілуде.Бұл да біздің әрбір сынаққа төтеп бере алатынымыздың белгісі.Қашықтықтан оқыту жүйесі мұғалімнің кез- келген жағдайда да,білім бере алатынын дәлелдей алды.Қашықтықтан оқытудың тиімділігі;уақыт үнемдеу,ақпараттық коммуникациялық -технологияларды қолдану.Оқушының өз бетінше білім алуы,жалпы білім алушы жан- жақты білім алуына ешнәрсе кедергі болмайтынын түсінеді.Бұл ретте ұстаздың дұрыс бағыт бағдар беруімен,білім алушы ары қарай өзі ізденіп,мақсатына қол жеткізеді.
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.(Л.Н Толстой)