Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
« №12 жалпы білім беру орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Сенгербаева Салима Джалгасбаевна
Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төртінші тоқсанның сабағы қашықтықтан оқытылатын болды. Білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және интернеттік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану мүмкіндіктері мол. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші бұл — адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық қабілетін дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Қазіргі таңда дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы.
Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу жүйесі. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу болып табылады.Қашықтықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді және оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады . Сонымен қатар ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.
Ұстаз оқушының ішкі жан – дүниесінің сырын ашып, оның ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заман білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген ұстаз оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ұстаз бен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір ұстаздың бойында құбылмалы қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуда өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтықтан оқыту жүйесі осыған бағытталған. Қашықтықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды интернеттік желілер. Қашықтықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, бұл оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауына мүмкіндік туғызады.
Құрметті оқушылар ,еліміздің болашағы сендерсіңдер.Алда талай белестерді бағындыратындарыңызға сенемін.Біз біргеміз! Біз үйдеміз!