Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Химия пәні мұғалімі
Конысбаева Айнур Жанибековна
Қашықтықтан оқыту әрине бастапқы бір аптасында Қазақстандықтарға қиын болды. ХХІ ғасыр технологияның дамыған заманы. Ең алдымен түрлі бағдарламаларды қолдана отырып тиімді,тиімсіз тұстарын анықтадық.
Сол бағдарламалардың бірегейі goodle classroom болатын. Бұл бағдарламаның жақсы жақтары көп болғанын біз мұғалімдер білгенімізбен, оқушылардың қолдануына қыйындық тудырды.
Оқушылардың өз білімдерін жетілдіру үшін daryn online бағдарламасы қол жетімді болды. Daryn online бағдарламасынан бейне сабақты көріп, тапсырмаларды орындап ұпай жинауына болады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда таптырмас құрал деп ойлаймын.
Ендігі көп қолданылатын бағдарламаның бірегейі watsapp пен telegram. Оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де ең қолайлысы. Watsapp арқылы әрбір оқушының тапсырмасын тексеріп қайта кері байланыс жасау жылдам, әрі ыңғайлы.
Мен өзімнің әр сабағымда тақырыпқа сай You Tybe-тағы «Центр методического сопрождения» каналын қолданамын. Бұл каналдан барлық сабақтың бейнебаянын табуға болады. Оқушылар сабақты тыңдап қана қоймай, есте сақтау қабілеті де дамиды.
Егер де You Tybe каналында сабағымыздың бейнебаяны болмаған жағдайда bilim land сайтын қолданамын. Бұл бағдарламаның рейтингі жоғары. Бейне сабақтарын,тапсырмаларын жүктеп алып оқушыларға құрал ретінде пайдаланамын.
Қиындыққа төтеп беретін, заман талабына сай ұстаз болу міндетіміз.
Сөзімді қорытындылай келе «біз біргеміз, біз үйдеміз!»