Тайгелтір Перизат Әлібекқызы
Алматы қаласы, Алатау ауданы,
№179 жалпы білім беретін мектеп
Алматы — біздің ортақ үйіміз
Адам өмірінде тазалықтың маңызы зор. Тазалық әр кезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт. Қоршаған ортаның тазалығы да адам өміріне ерекше әсер етеді. Таза ортаның табиғаты да, ауасы да адам жанына жылулық ұялатады. Сол себепті де жылда күз бен көктем мезгілдерінде мектеп ауласын тазалау сенбілігі болып тұрады. Барлық сыныптар мектеп ауласын бөліп алып, өздеріне белгіленіп берілген аумақтар бойынша гүлдер мен ағаштардың арасындағы арам шөптерді жұлып, тазалайды. Көшедегі су ағатын арықтарды да тазалап, егістікке баратын судың жолын ашады. Мұның бәрі — тазалықтың басты тармақтары.
Әрбір ата-ана ұрпағына тазалықтың денсаулық кепілі екені жөнінде тәрбие берері анық. Әрқашанда қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғаттың сұлулығын мәпелей білуіміз қажет. Себебі Алматы — біздің ортақ үйіміз. Біз осынау кереметтей ару қалада өстік, өндік, ата — аналарымыз осынау киелі мекенде өмір сүруде, балаларымыз саябақтар мен ойын алаңдарында таза ауа жұтып, алаңсыз асыр салып ойнауда, жастарымыз қаламыздың көрікті көшелерінде серуендеуде.
Осыған орай 8-сәуірден бастап, сүйікті қаламызда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Бұл науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау. Сонымен қатар біздің сүйікті қаламыз одан да жақсы және әдемі болуы үшін барлық ниеттес тұрғындарды біріктіру. Бұл тек тазалық пен тәртіпке ғана емес, сонымен бірге өзіміз бірге жасаған құндылықтарға ұқыпты қарауға да тәрбиелейтіні хақ.
Айнала қоршаған ортаны барынша таза ұстау – әр қала тұрғынының міндеті. Бұл науқан уақытында қаламыздың әрбір тұрғыны өз үйінің, өз ауласының, өз қаласының таза әрі келбетті болғанын қалайды әрі оған өз үлесін қосады.
Барлығымыз деніміз сау болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді.
Науқан 4 негізгі кезеңге бөлінген: әр кезең бойынша мектебіміздің оқушылары да қаламыздың одан әрі көркеюіне өз үлестерін қосу үшін 8-14 сәуір аралғында «Біздің қала – біздің көшелер» апталығында мектеп ауласын тазалауда мектеп оқушылары белсенділік көрсетті. 11 сәуір күні 9-сынып оқушылары қажетті құрал-саймандарын әкеліп, мектептің ауласындағы алаңдарды қоқыстардан тазалады.
Мектеп ауласы оқу мекемесінің – көрнекті келбеті. Келуші бір қарағанда, мектептің ауласына қарап, ой түзейді. Сауатты және қызықты етіп көгалдандырылған мектеп ауласы оқушылар мен мұғалімдердің өзін-өзі бағалауын арттырып, барлығына жағымды көңіл-күй сыйлайды. Әрине, ол адам денсаулығына да оң әсер етеді.
“Алматы-біздің ортақ үйіміз” айлығы аясында мектеп оқушылары»Құстарға үй сыйлаймыз»атты бастамасымен құстарға ұя жасап, мектеп ауласына орнатты. Мақсаты: табиғаттың бір бөлігі құстарға қамқор болу, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу.
Сәуір айының 15-і мен 21-і аралығында «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» көшет отырғызу апталығында мектеп ауласы мен ойын алаңдары жөнделіп, ретке келтірілді. Мектеп ауласы мен мектеп алдындағы шағын бақты көгалдандыруға 11-сынып оқушылары өз үлестерін қосып, 17 сәуір күні гүл көшеттерін әкеліп, өз қолдарымен гүлдерді екті және баптап-суарып күтуді де өз жауапкершіліктеріне алды.
22-28 сәуір аралығында «Біздің қала – біздің тау, өзен мен көлдер» жағалаулар мен су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазалау апталығында мектеп жанындағы арықтардарды тазалау жоспарланған. 22 сәуір күні 8 — сынып оқушылары мектеп жанындағы арықтарды тазалауда өз белсенділіктерін көрсетпекші.
29 сәуір мен 8 мамыр аралыңында «Біздің қала – біздің мақтаныш» ескерткіштер мен мәдениет нысандарды тазалау апталығы.
Үлкен істер кішіден басталады. Ұлы Абай айтқандай, «Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды». Сондықтан игі істерді өзімізден, үйімізден, ауламыздан, өзіміз өмір сүріп жатқан ортадан бастайық!