Бекишова Рахат Абулхановна
Алматы қаласы Жетісу ауданы КММ «№ 26
сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға
арналған арнайы балабақшаның» әдіскері
Қалалақ семинар
Тақырыбы:«Қолөнершілердің пайдалы ортасы»
2024 жылғы сәуірдің 18-жұлдызында Алматы қаласы Жетісу ауданы «№ 26 сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы балабақша» КММ-де қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың әдіскерлеріне арналған «Қолөнершілердің пайдалы ортасы» атты семинар өтті.
Семинарға қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының басшысы мен мамандары және МДББҰ басшылары мен әдіскерлері қатысты. Семинарда алғашқы сөзді балабақша меңгерушісі Базбащева Айман Мұқтарханов жариялап, Сингапур тәжірибесі негізінде әзірленген жобаның жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. Логопед Ештай Әсия Нұрымқызы «Қолөнершілердін пайдалы ортасы» жобасын ұсынды.
Семинар барысында логопед Бақытжанқызы Айгерім «Айгөлек» ересек топ балаларымен «Ұлттық киімдер» тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс — әрекетін көрсетті, логопед Жаңабай Айжамал Нұржанқызы «Ш дыбысы» тақырбында жеке ұйымдастырылған іс — әрекет өткізді. Сонымен бірге логопед Ештай Әсия Нұрымқызы «Логопедиялық дамытушылық құралдарды таныстыру» тақырыбында керексіз заттардан жасаалған дидактикалық және үлестірмелі материалдарды сабақ үрдісінде оңтайлы қолданудағы тәжірибесімен бөлісті.
Балабақша мектепке дейінгі ұйым Сингапур білім беру жүйесінің Халықаралық іс-тәжірибе алмасу «Қолөнершілердің пайдалы ортасы» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен бөлісті. Балабақша керексіз заттарға «екінші өмір» сыйлау жоба жұмыстарын таныстыру барысында балабақшада балалардың қолөнер шеберліктерін арттыру мақсатында көрме ұйымдастырды. Көрмеде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу бойынша балалардың қазақи нақышта өз қолдарымен жасаған бұйымдары көрсетілді. Ата-ана мен баланың ынтымақтастығын арттыру мақсатында жасалған көптеген жұмыстар назарға ұсынылды. Сонымен қатар, тәрбиешілердің де жұмыстары қалыс қалмады.
Психолог Алимкулова Алтын Мырзыхыновна, дене шынықтыру нұсқаушысы Аубакирова Асель Омаровна, тәрбиеші Варисова Гульзарям Гайнидиновна келген қонақтармен «Қолөнершілер» тақырыбында қалдық заттармен практикалық шебер сыныбын өткізді.
Музыка жетекшісі Нұрғазиза Бейсегулованың сүйемелдеуімен аспаптық оркестрде өнер көрсетті.
Семинар соңында педагогикалық кері байланыс жасалып, әдіскерлер семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Қорытынды сөзді қалалақ мектепке дейінгі ресурстық орталағының басшысы Карасева Наталья Викторовна қорытындылады. Семинардың жоғары дәрежеде жүргізілгенін айта келе, балабақша әкімшілігіне және педагогтеріне қонақтардың айтар алғысы көп болды.