Home » Мақалалар » «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр.
Алматы қаласы білім басқарамасына қарасты «№ 84 Бөбекжай-балабақша» ұжымы сенбілікке қатысты.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы қаласы бойынша сенбіліктер өтіп жатыр. Ата-аналар мен балабақша ұжымдары қаламыздың тазарып, көркейуіне өз үлестерін қосып келеді. Бүгін Алматы қаласындағы «№84 Бөбекжай-балабақша» тәрбиеленушілері мен ата-аналары және ұжымы бірігіп, балабақша ауласын қоқыстан тазартып бірнеше түп ағаш отырғызды.
Президент бастамасымен жүріп жатқан экологиялық акцияға жастар да үлкендер де белсенділік танытып келеді. Бүгінгі шараға ұйытқы бола білген, ата-ана мен ұжымды бірауыздан сенбілікке қатысып үлес қосуға мұрындық болған аталмыш балабақша меңгерушісі Жайсанбаева Акерке Сагнышовна.
   

-Елбасының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында жер-жерде сенбіліктер өтіп жатыр. Бізде қалыс қалған жоқпыз. Бүгін біраз жұмыс жасадық, ағаштар мен гүлдер отырғызып, ағаштардың түптерін тазартып, ауланы қоқыстардан арылттық. Тек сенбілікке қарап отырмай әр адам өз ауласын, өзін қоршаған ортасын таза ұстауға міндетті. Ата-аналарға рахмет!, еңбектеніп жатыр, өздері де бүлдіршіндер де көтеріңкі көңіл күйде міндетті атқарып тастады. Бұл іс-шара баланың жадында қалатын тәрбиелік мәні бар іс. Сондықтан мұндай шарада балада ата-ана да ұжымда жүрміз,- дейді балабақша меңгерушісі Акерке Сагынышовна өз сөзінде.
Жалпы таза Қазақстан акциясы 8 Сәуірден бастау алған болатын. 5аптаға созылған науқанда қаланы тазартып көркейту мақсатында көптеген жұмыстар жасалды. Бірінші апта «Таза өлке» деп аталса, «Өнегелі ұрпақ» аталған апта 4-ші Мамырға дейін жалғаспақ. Акцияға еліміздің барлық өңірлері атсалысуда. Алматы қаласы бойынша «Алматы біздің ортақ -үйіміз» науқанының мақсаты; қала тұрғындары арасында мәдениет деңгейін арттыру.
Таза Қазақстан экологиялық акциясы бір күндік сенбілікпен айлық жұмыспен шектелмейді. Алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Алматы қаласы
Білім айнасы
Қуантайұлы Руслан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.