Home » Мақалалар »    Қашықтықтан оқуыту-мұғалім ізденісін нығайту

   Қашықтықтан оқуыту-мұғалім ізденісін нығайту

 Маңғыстау облысы
          Қарақия ауданы
№7 орта мектебі  КММ
 Бастауыш сынып мұғалімі: Жуматаева Зауре Абаевна

    Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы  заман  талабына  сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. ХХІ  ғасыр өмірдің барлық салаларында  табысты болу үшін,  қажетті  дағдыларды  дарыту  үшін  мұғалім тынымсыз еңбектену керек.  2019-2020 оқу жылы жаңартылған білім мазмұны бойынша бірінші жылым. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқу ұйымдастырылғанда мұғалімнің ізденісін, шығармашылығын, жауапкершілігін еселей түсті. Бұл жағдайға да мұғалімдер тез бейімделіп, кірісіп кетті. Тіпті көбісі шебер болып алды.  Ал  халыққа білім беру саласындағы мұғалімнің алатын орнын, яғни мұғалім мәртебесін  көрсетті деп ойлаймын.

Оң мен солын енді танып келе жатқан  1- сынып оқушысына қиындық туғызады, қалай болады деген ойлармен бірнеше  күн қобалжу болды, әріне. Қазір қашықтан оқытудың үшінші аптасын аяқтадық. Басында  ата-анада да  үлкен қобалжу мен қорқыныш болды.  «Көш жүре түзеледі» демекші  оқушыларым ата-ананың көмегімен  тез-ақ  қалыптасып алды. Менің бұл жағдайдан түйгенім: Мұғалім,  білім алушы, ата-ана үздіксіз, сағат сайын, тіпті минут сайын байланыста болды.  Бастапқыда қиналған ата-аналар болды әрине. Дегенмен баланың білім алуындағы ата-ананың рөлін осы жағдай түсіндірген секілді.  Балалардың өз бетінше жұмыс жасауы, шығармашылығы және жауапкершілігі артты.

«Балаға өздігінен үйренуге мүмкіндік беру керек. Сол мезетті өзге адам емес өзіңіз бақылаңыз» деген Жан Фреско. Мұғалім ізденісімен бірге ата-ананың  да жауапкершілігі артты. Баланы тәрбиелеу- ең алдымен, ата-ананың міндеті. Ал мектеп, мұғалім- білім алудағы көмекші.  Дегенмен, мұғалім- сабырлы, төзімді, мейірімді, әрқашан көмекке дайын жан.  Мұғалім, білім алушы, ата-ана бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ұйымшылдықпен  жұмыс жасасақ, қашықтықтан  оқығанымызбен  баламыздың білім алуына оң нәтиже береміз деген ойдамын. Бұл қиындықты да еңсереміз.  Біз-біргеміз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.