Бүкіл әлемде болып жатқан төтенще жағдайға байланысты 2020 жылдың 16-наурызынан бастап Yessenov University қашықтықтан оқыту технологиясына көшті.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түсуде және өзгеруде. Қашықтықтан оқыту технологиясы бакалавриат, докторантура, магистратура және колледждің барлық білім алушыларын қамтиды. Қашықтықтан оқыту жүйесі Yessenov University үшін қиындық туғызған жоқ деп ойлаймын, себебі осы төтенше жағдайға дейін қашықтан оқыту жүйесі қолданылып жүр.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқытушылардың білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:
- бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық, облыстық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
- құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі ұйымдастыру нысаны бар:
Онлайн (синхрондық), яғни интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта оқытушы экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру нысаны. Ал оффлайн (асинхрондық) — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) оқытушы мен білім алушылар арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың нысаны және кең таралған үшінші түрі вебинар. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу нысаны. Сол себептен қазіргі таңда қашықтықтан білім беру технологияларын «оnline», «offline» режимінде өткізілуде.
Yessenov University жергілікті және аймақтық желіні пайдаланып, жұмыстарын жүргізіп, оқыту үрдісінде тәжірибелерімен алмасуда. Қашықтықтан оқыту технологиясы білім алушылар үшін ыңғайлы, әрі қолайлы. Бүгінгі күні «оnline» режимі арқылы өткізілетін сабақтар 30 минутқа қысқартылды. Сабақ кестесі «Univer» жүйесіне енгізілді. «Univer» жүйеcі білім беру жүйесін басқару үдерістерін тиімді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ оқу үдерісін басқаруға арналған және оған қосымша «lessons yu.edu.kz» сайт жүйесіндегі ақпараттық білім беру платформасы енгізілді. «Lessons yu.edu.kz» сайты негізінде оқытушылар бекітілген кестеге сай «Google Hangouts Meet» бейнеконференция сервисі арқылы онлайн сабақтар өткізеді.
«Univer» жүйесінде университет білім алушылары өз бетінше дайындалуы үшін оқу материалдары қолжетімді. Сонымен қатар осы пандемия кезіндегі карантин жағдайына байланысты білім алушыларға төменде келтірілген білім беру ресурстары тағайындалған.
- «Coursera» — жаппай онлайн-білім беру саласындағы жоба. Компания ҚР Білім және ғылым министрлігіне ақпаратқа тегін қол жеткізу ұсынысымен жүгінгендігін айта кеткен жөн.
- Хан академиясы — коммерциялық емес білім беру ұйымы. Оқушылар үшін ресурс қолжетімді әрі тегін.
- Atameken Academy.
- Moodle — курсты басқару жүйесі, сондай-ақ оқытуды басқару жүйесі немесе виртуалды оқыту ортасы ретінде белгілі. Еліміздің жоғары оқу орындары осы ресурсты пайдаланатыны қуантады.
- Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы электрондық кітапхана
- QAZAQSTAN TARIHY.
- «Қарапайым математика».
- Blended learning.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша онлайн режимінде Университет Ғылыми кеңесінің жиналысы, конференциялар, олимпиада, кездесулер, факультет және кафедра мәжілістері, байқаулар, яғни университеттік шаралар видеоконференция форматында өткізілуде.
Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда шыдамдылық пен сабырлық танытып отырған Yessenov University басшылығынының, мониторинг орталығының, оқытушылар мен білім алушылардың атқарар рөлі орасан зор. Оларға әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктелді.
Yessenov University-нің аға оқытушысы,
менеджмент магистрі Кирбасова Л.Г.