ЕСКАЛИЕВА ҚАРЛЫҒАШ ТЕМІРҚЫЗЫ,
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы.
«№12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ.
Ы. Алтынсарин: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер, ол – даналықты жүректен ұға білу болып табылады» – дейді. Шын мәнінде адамды танып, оқытып, жаңа үрдіске бой үйретіп, жаңашылдыққа ұмтылған мамандығын сүйетін, жанымен берілген жандар жетістікке жетеді. Әлемді шарпыған алапат күшке ие болып отырған, бұл індет біздің елімізді де айналып өтпеді.
Шынын айту керек, алғашында абдырап қалғанымыз да рас. Себебі еліміз үшін алаңдап, балаларымыздың болашағына зияны тие ме? Оқу мәселесі қалай болады,- деген сұрақтар санамызды шарпып, шырмауық секілді орап алды. Дегенмен мемлекет тарапынан дер кезінде шешім қабылданып, қазіргі таңда өз жөніне түскендей…
Бұқараның базынасына құлақ қойған билік, уақытында оңтайлы шешімді қабылдап та үлгерді. Соның бірі білім беру жүйесінің, елімізде алғаш рет онлайн түрде сабақ өткізу болатын. Түрлі программалармен тәжірибе де өткізіп көрдік. Нәтижесі көңіл көншіте қоймады.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер».
Ж. Аймауытовтың сөзін алға тарта отырып қашықтықтан білім беру жүйесіне көшудің ыңғайлы екені барлығымызға айқын болды. Бастапқыда ұстаздар мен оқушылар, тіпті ата-аналарға қиындық тудырған болатын. Ал қазір тиімді тұстары да жетерлік. Мәселен өзімнің тәжірибеммен бөлісе кетсем:
Білім және ғылым министрлігінің бекітіп берген стандартына сәйкес оқушыларыммен тығыз байланыс орнатудамын. Сыныбыммен ватсап мессенджері арқылы байланысып және түрлі бейнекөріністер арқылы сабақты түсіндіріп отырмын. Күнде таңертеңгі уақытта «Балапан» телеарнасы арқылы сабақты бастаймыз. Әсіресе кері байланыс отрантақанымызда, берілген білімді оқушының қаншалықты игергендігін байқадым. Әсіресе жаратылыстану және дүниетану пәндерінде зерттеу жұмыстарын орындағандары ерекше.
Оқушыға мотивация керек. Мен оларды ылғи жігерлендіріп отырамын. Ол балаға ұмтылыс, оқуға деген құлшыныс береді. Өзіне деген сенімділікті арттырады. Ата-аналардың жауапкершілігі артып тұр. Себебі менің сыныбым 2-сынып болғандықтан, кейбір сөздерімді дұрыс түсіне алмай қалуы мүмкін.
Сондай-ақ әр аптаның соңында, сабақтан тыс уақытта балалармен жеке жұмыс жасауға тырысамын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық — заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет» деген болатын. Сондықтан оқушының білім мен біліктілігінің жоғары болуы, оның ата-анасы, ұстазы мен ортасына байланысты екені бәрімізге белгілі. Осы орайда қашықтықтан білім бере бастағаннан бері, ата-ана мен ұстаз арасында тығыз байланыстың орнағанын аңғарамыз. Сонымен қатар ата-аналар ұстаздың еңбегінің зор екенін айтуда. Міне баланың білімді болуы, оның қадағаланып отыруынан да болады. Егер де ата-аналар баласының тапсырма орындағанын қарап, мұғалімдермен жақсы қарым-қатынаста болу арқылы баланың деңгейін де біле алады.
«Біз балалардың басына әртүрлі ештеңеге де қажет емес қоқысты үйіп-төгіп саламыз, кейін адам оны не істейтінін білмейді» – деп жазды К.Д. Ушинский. Сондықтан оқушының бос уақытты бекерге жібермей, берілген тапсырмадан тыс түрлі кітаптар мен тәжірибелер жасауға үлкен мүмкіндіктер туғызды деп білемін.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде орынсыз олқылықтар байқалмайды. Керісінше тиімділігін мен мүмкіндігі жоғары. Еліміздің ертеңі білімді жастардың қолында.