Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту

Қашықтықтан оқыту

                            Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
Мұнайлы ауданы
Мектеп: 12 орта жалпы білім беру мектебі
Қызметі:мұғалім,
«Бастауыш ағылшын тілі мұғалімі»
Мусабекова Альбина Шоқанқызы

Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген жерде технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан  білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу мүмкіндігі.

Біз қазіргі кезде яғни мұғалімдер еліміздегі жағдайға байланыста оқушыларымызды қашықтықтан оқытып жатырмыз.Жалпы бұл оқу жүйесі бізге пайдасын тигізбесе,зиян жағын көрмедік.Өз басым маған ұнады және тиімді. Жалпы, білім саласы үшін Bilimland, «Күнделік», «Дарын онлайн» секілді оқыту тұғырнамалары тегін түрде тиісті жағдай жасауда. Сонымен қатар, телеарналарда жүріп жатқан сабақтар олардың Youtube каналдарында, сайттарында қолжетімді.Сонымен қатар Whatsapp желісінде пайдаланып отырмыз,оқушыларға тапсырмаларды және де бейне қоңырауы арқылы байланысып кері байланыс ала аламыз.Ең бастысы, біз жас мамандар әрдайым кері байланысты, ұсыныстар мен тың идеяларды қуана қабылдауға дайынбыз.Осы орайда әр мектепте мұғалімдер өздеріне ыңғайлы сабақ кестесімен жұмыс істейді, педагогтерге шығармашылық еркіндік беріледі.Қорытынды ретінде айтарым бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді! Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.