Home » Мақалалар » ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ.

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
                                   МҰНАЙЛЫ  АУДАНЫ
                                         «№12 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
                                                    Бастауыш сынып мұғалімі
                          Наурызбаева Акбопе Азирбаевна

Қазіргі XXI ғасырда ғылым мен технология жетік дамыған. Табиғат құбылыстары және оның заңдары осы күнге дейін адам баласын ойландырып, толғандырып, анықталмаған, сыры ашылмаған дүниелерге ақиқаттың түбіне бар сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жетуі әрқашанда үлкен жетістік болып табылады.                         Қазіргі уақытта Қазақстан тек білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс.                                                                 Стратегиялық проблемалар жөніндегі мамандар қашықтан оқыту формасын XXI ғасырдың білім беру жүйесі деп атап жүр. Бұл күні оған үлкен мән беріліп отыр. Бұрын технологияларға бағытталған қоғамдық прогрестің нәтижелерінің бүгінде ақапараттық аймақта орталықтандырылып жатқаны қашықтан оқытудың маңыздылығын арыттырды. Информатика дәуірі басталды. Оның қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға …) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді. Ел азаматының білім алу құқығын қамтамасыз етуде және қоғам қажеттілігін өтеуде, тек осы жүйе мейлінше тиімді әрі икемді. Жоғарыда айтылған факторларға сүйеніп айтқанда, мамандарды дайындау мен олдардың жоғары квалификациялық деңгейін ұстап тұруда қашықтан оқыту XXI ғасырдағы ең әсерлі жүйе болып табылады.                                           Технология – ғылымның практикалық қолданылуы. Қазіргі заманда дүниежүзінің негізі технология. Ол адамның сана-сезімімен, білімді де тәжірибелі ақыл-ой парасаттылығымен жеткен үлкен жетістігі. Яғни ғылым, прогресс болып табылады.                                                     

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.