Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы «№12 жалпы білім беру орта мектебі»
Бастауыш мұғалімі Бокаева Айшагуль Саурбековна
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтілуде . Оны білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы , негізгі қорғаушы күші –адам. Сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы керек. Қазіргі уақытта дидиактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация бұл жаңалықтардың таралуы мен құрылуы.
Қашықтықтан оқыту- ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар. Оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Төтенше жағдай кезінде біз қашықтықтан қалай оқытамыз?
Платформаларды білу және олардың тиімдісін пайдалану. Тапсырма қалай берілуі керек. Баланың жасына сай, шағын бірақ қызығушылығын төмендететін өте жеңіл болмауы керек. Оқушыларға қойылатын талаптар азайғанымен жауапкершілік төмендемеуі керек. Әр мұғалім өзінің әлеуметтік жағдайын және интеллектуалдық деңгейін білуі шарт. Кейде оқушы шамасы келіп тұрған тапсырманың жартысын ғана орындап жібереді. Ондайға жол бермеуіміз керек. Сонда ғана білімнің сапасын жоғалтпаймыз. Бұл өте маңызды.
Ескеру қажет.
Әр мұғалім қашықтан тапсырма бергенде тек оқушылардың алдында ғана тұрмағанын есте шығармауы қажет. Өйткені әр тапсырманы оқушы ата-анасымен бірге талқылайды. Соған байланысты мұғалім күнделікті сабағын мұқият дайындағаны жөн. Үнемі ата-аналармен байланыста болып, ынтымағы арту керек. Қашықтықтан оқытудың міндетін түсіну үшін оқушылардың арасында мониторинг сараптамасы жүргізілуі керек. Оның нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыту – оқу процесіне жағымды әсекр етеді.
Құрметті әріптестер «Бала біздің болашағымыз» – демекші сабағымыздың сапасын түсірмей, оқушыларымыздың білімін табандылықпен арттыра берейік. Осындай қиын кезде індеттен аман болу үшін үйде болайық.
Біз үйдеміз, біз біргеміз.
Назарларыңызға рақмет!