Ең алдымен сөзімді А.С.Макаренко сөзімен бастайын, ересектер үшін жұмыстың қаңдай маңызы болса, балалар үшін ойынның маңызы зор дегендей балаларға ойындарды ұсынбас бұрын тәрбиеші ізденуі керек. Себебі балалардың назарын ойындарға аударуы қажет. Мен бүгін танымдық ойындар жөнінде сөз қозғаймын. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін танымдық ойынның маңызы зор, себебі балалардың ойлау қабылеттері дамиды және зейіні есте сақтау қабылеттері тұрақты болады. Сонымен қатар ұсақ қол моторикалары дамиды. Мен өз тәжірибемде Монтессори құралдарын қолданамын. Ал кейбір ойындарды өз қолымен арнайы материалдармен жасаймын. Ойынға керек заттар міндетті түрде талапқа сай жасалауы жасалуы және қауіпсіз болуы керек деп ойлаймын. Сонымен қоса балалардың жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Балалардың қызығушылығын ояту барысында үнемі ізденіс үстінде жүргім келеді. Ақпараттық құралдар арқылы, және атақты педагогтердің
кітаптарын оқып, жаңашыл тың идеяларға ұмтыламын. Луллия шеңберінде қолданамын. Баланың ойлауын және тілін дамытуға рөлі зор. Балалардың қиялын дамыту мақсатында
Quiver тәсілін қолданамын. Бояу арқылы түрлі түсті қарындаштарды қолдану ұсақ қол моторикасын дамиды. Мен үшін барлық бүлдіршін қымбат сондықтан бүлдіршіндерді тәрбиелеу үшін аяңбай күш жігерімді саламын. Себебі бүгінгі бүлдіршіндер ертеңгі елдің болашағы.
Дайынова Аягуль Кайржановна