Home » Ашық сабақтар » Ана — өмір шуағы!

Ана — өмір шуағы!

     Суфалдиярова  Гүлбагида  Дарисқалиқызы
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылы
 «Гаухар» МКҚК бөбекжай балабақшасының
жоғары санатты тәрбиешісі

 

Жүргізуші: Аяулы аналар, кішкентай аруларымыз,ұстаздар  сіздерді             8-наурыз аналар мейрамымен құттықтап, ғұмырларыңызға денсаулық, өмірлеріңізге сәттілік тілейміз!.

Бүгінгі көктемнің алғашқы күні осы әсем «Құлыншақ» тобында «Ана — өмір  шуағы!» атты  ертеңгілігімізді сіздерге арнаймыз. (көңілді әуенмен  балалар шығып жарты шеңбер болып тұрады).

— Бала:  Қазір бізде мереке,кешікпесін ешкімде.

— Бала:  Әдемі көйлектерін киіп қыздар дайын отыр, келіп қалар.

Бәрі: қол соғып шапалақтап, қыздарды қарсы алайық (музыкамен  қыздар келеді, ұлдар гүл ұсынып вальс билейді).

Жүргізуші: Ана — деген  өмірдегі ұлы есім,

Бақ тілесе анадай –ақ тілесін

Ана деген ардақты ат,сен оны

Ана жайлы ән тыңдасаң білесің.

Ән:  «Ай дидарлы анашым»

Жүргізуші: Әдемі сөз адамның, анаға айтар лебізі-деп, балалардың аналарына арнаған тақпақтарына кезек береміз.

Мирас: Той пердесін ашайық

Тойға шашу,шашайық

Аналарды қуантып

Ән маржанын шашайық.

Әли:     Сегізінші  наурыз келді.

Шаттық сезім ала келді.

Қуанышты күнімен

Құттықтаймыз сіздерді.

Эльаман: Айналайын анашым

Ақыл асқан данамсың

Балаң үшін не керек

Бәрін іздеп табасың.

Рамазан:     Анашым-анам

Келгенше  шамам

Үмітіңді ақтап

Азамат болам.

Рамиль:        Еркелесем күлім, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейттін

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым,күнім!»-дейтін.

Т Айзере:     Жамандықтан сақтандырып

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып!

Айшабибі:   Ана біздің күніміз

Ана- біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

К Кәусар:    Үн қатасың бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен!

Жүргізуші:  Көктем ,көктем, көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

Ән: «Наурыз келді».

Көктем: Сәлем,сәлем балақайлар

Әзиз әже,назды апайлар

Мол шуақты ала келдім

Жерге кілем жаба келдім

Жан бітіріп табиғатқа

Әсем әнге сала келдім!

Жүргізуші: Ару көктем біз сені сағына күттік, төрлетіңіз. Балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ж Каусар: Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Шырайлым: Баланың да тірегі,

Даланың да тірегі

Шаршамасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Мерует:   Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым.

Жанайым: Таусылмайтын өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит әкеп береді

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Жайна:   Мен әжемді сүйемін

Киімді өзім киемін

Айтқаныңа көнемін

Өлең айтып беремін.

Олжас:   Менің әжем жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ орамал тағып ап,

Аман есен жүр әжем.

Жүргізуші: Әже дейміз, бәрімізде аңқылдап,

Әже дейді жас сәбиде жарқылдап.

Немере үшін мейірімді жан әже, олай болса әжелер мерекесі құтты болсын!

Әділхан: Ардақты анашым

Мәпелеп өсірген

Сен едің әкелген

Өмірге анашым.

Көктем: Әжелеріңді, аналарыңды жақсы көреді екенсіңдер мен сендердің өнерлеріңе риза болдым. Көп рахмет сендерге. Мереке құтты болсын!

Жүргізуші: Көктем біздің бүлдіршіндерге өзің не алып келдің?

Көктем: Гүлдей жайнаған қыздарымызға қыр гүлдерін алып келдім.

Би:  «Гүлдер биі».

Фатима:  Көп жаса анашым

Ғұмырым панамсың

Біз үшін қашанда

Керексің анашым

Әмин:      Ана біздің гүліміз

Ананың бір гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Абдурахман:  Менің әжем ,ақ әжем

Ұлмен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем

М Айзере:       Менің әжем ,жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман есен жүр әжем.

Б Амина:   Бал бөбегін батаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп  жасасын ақ мамам.

Е.Айзере:  Анаң болса қасыңда

Басқа бақыт не керек

Аналардың  жүрегі

Мейрімді ғой керемет

Мустахим: Анам мені «күнім» дейді.

Мен қуансам күнім дейді

Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін.

Нұрислям:     Сенен   өскен  балалар

Батырлар мен  даналар

Құттықтаймыз мейрам мен

Құрыметті аналар.

Мирас:          Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

Маша келеді: (жүгіріп)

Маша: Салеметсіңдер ме? Балалар. Мені таныдыңдар ма? Мен Машамын. Ең ақылды,мейірімді,тәрбиелі қызбын. Мен сендердің әжелеріңді, аналарыңды мерекесімен құттықтау үшін әдейі ертегілер елінен келдім.

Жүргізуші: Қош  келдің, Маша. Бүгін бізде аналар  мерекесі өтіп жатыр. Сен не айтар едің?

Аналар мерекесі құтты болсын!

Маша: Менде балалар мен бірге аналарға сыйлық берейін деп келдім.

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз гой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

Аналарға сыйлық тапсыру.

Ән: Айналайын ақ мамам.

Балалар енді көктем аруымен ойын ойнайық.

«Гүлді жина» (себетке салу).

Соңы: Құрметті аналар, ұстаздар кішкентай қыздарымыз мейрамдарыңыз құтты болсын! Өнерлі  бүлдіршіндер  көбейсін бақшамызда. Ана мен баланың мерейі үстем болсын. Бүлдіршіндер әрқашан  сіздерді  қуантып жүрсін, сіздерге  дүниенің бар жақсылығын  тілейміз.

Балалар, біз аналарымызды құттықтап тақпақ ән айттық, би биледік. Бәріңде аналарыңды жақсы көретіндерің көрініп тұр. «Ата – бәйтерек, ана – бұлақ, бала – жапырақ» — деп, текке айтылмаса керек, аналар жапырақтарыңыз жайқала берсін, тағыда мереке құтты болсын деп бүгінгі «Ана –өмір шырағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.