Home » Ашық сабақтар » Менің отбасым

Менің отбасым

Мулдагалиева Ботакоз Зейноллақызы
                                                                   Орал қаласындағы
                                                                   Облыстық көру қабілеті бұзылған
                                                                   балаларға арналған арнаулы мектеп-
                                                                   интернатының тәрбиешісі

 

 

Мақсаты: оқушыларға «Отбасы» туралы, оның құндылығы туралы түсінік беру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға тәрбиелеу.

Тапсырмаларды орындауда ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді.

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, отбасылық бәйтерек, отбасы суреттері.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс: ой бөлісу, бағалау әдістері7

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

— Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын амандасып алайық, ортаға шығамыз шаттық шеңберін құрамыз. Менімен бірге қайталаймыз:

Қуан шаттан, қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы күн достым,

Сәтті кунің болсын! Амандасу:  алақан-алақанмен,  иық-иықпен, арқа- арқамен, аяқ-аяқпен, құлақ-құлақпен, мұрын-ұрынмен амандасады.                   Көңіл-күй қалай?

Жақсы ендеше балалар орндырымызға отырамыз, мен сендерге жұмбақ түрінде  сұрақтар қоямын, сіздер соған жауап бересіздер:

  1. Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам,

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.

Ол кім?  (ата)

  1. Дегенімді жасайтын

Қалған тамағымды асайтын

Ертіп алып жетектеп

«Немерем» – деп атайтын? (әже)

  1. Атаңның баласы,

Кей кезде таласып.

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? (әке)

  1. Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім? (ана)

  1. Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Онға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан.

Бәрі-де өз жұртың

Айтады, қане кім атын? (апа, аға, іні,)   оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Ендеше балалар біздің бүгінгі сабағымыз неге байланысты: «Отбасы», яғни «Менің отбасым»  Отбасы құндылықтары туралы білеміз.

Отбасым — менің жүрегім

Отбасым — менің тірегім

Отбасым – менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім — дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.

Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Отбасы – шағын мемлекет  деп неге айтамыз, себебі  бізді бағып –қағып өсіретін, бар жылулықтарын төгетін, жуындырып, киіндіретін, ауырсақ қасымыздан табылатын жандар, әрине олар біздің отбасы мүшелеріміз. Біздер оларды әркез сыйлап, құрметтеп, көмектесіп, көңілдеріне қаяу салмай, жақсы оқып, үлкен азамат пен азаматшалар болуларымыз керек екен.

  1. Слайдқа қараймыз қазір кімнің отбасының фотосы, суреті шығады сол оқушымыз өзінің отбасымен біздерді таныстырады (қол шапалақтап қошеметтеп отырамыз).

Топқа бөлу: балалар қорапшада өз есімдері  жазылған затты алып, екі топқа бөлінеді.

  1. Отбасына байланысты жазылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер қиындылары беріледі, соларды жинастырамыз,  мағынасын ашып түсіндіреміз.

Екі топқа бірдей тек қай топ жылдам, әрі тез сол топқа қошемет көрсетеміз (қол шапалақтап, бағалап қоямыз).

  1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада
  2. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
  3. Әке — асқар тау, ана- бұлақ, бала — жағасындағы құрақ.
  4. Мақал-мәтелдердің жалғастыр, жалғасын тауып жазамыз, оқимыз.

Тәрбие басы — тал бесік.

Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар

Ата көрген оқ жонар , ана көрген тон пішер

Бала – ананың бауыр еті, көз нұры.

  1. « Отбасы» сөзіне сөзжұмбақ шешу.
  2. Отан – отбасынан басталады.
  3. Әкеңнің әкесі саған кім болады? (ата)
  4. Бала – ананың бауыр еті.
  5. Сен үшін түн ұйқысын төрт бөлген жан? (ана)
  6. Жаңа туған сәби — нәресте
  7. Анаңның ағасы немесе інісі саған кім болады? (нағашы)

Отбасыда қандай болу керек: ең бастысы шағын мемлекетіңіз, балалар, сыйластық,  ұйымшылдық, қамқорлық, бақыт, туған-туыстар.

Ой қозғау. Қорытынды: Отбасы қандай болу керек:

 Жаднама: «Ата-анам – ардақтым!»  (оқушыларға үлестіріп беру)

Ата-анаңды өмір бойы сыйла!;

Ата-анаңа ауыр сөз айтпа;

Өзгелердің ата-анасымен салыстырма;

Оларды қалай жақсы көретініңді жиі айтып отыр;

Күнде таңертең амандас;

Үй шаруасына қолғабыс ет;

Алыста жүрсең жиі хабарласып тұр;

Ата-анаңа жаманат келтірме;

Өзің есейгенде рухани, материалдық жағынан қарасып тұр!;

Ата-анаңның достарын сыйла;

Қартайған шақтарында көңілдерін аула!;

Ауырып-сырқағанда қабақ шытпай бақ!;

Олар қандай жағдай да сен үшін «ең асыл жандар» екенін ұмытпа!

Бүгін сабақ ұнаса балалар мына гүлімізге көрік берейік, ұнаса жасыл түске, орташа болса сары түске, ұнамаса қызыл түстерді ілеміз.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.