Алматы қаласы Алатау ауданы №148 бөбекжай-балабақшасында Аудандық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауы өтті.Байқау қортындысында аудан бойынша 1-орынға иеленді.
КМҚК №148 ші бөбекжай-балабақша басшысы Шарапиева Рая Задановна қолдауымен,балабақша педагогтары мен бүлдіршіндері «Ананың үні» атты музыкалық қойылымын көрсетті. Кішкентай балалардың әрекеті үлкендерді таң қалдырды десем артық емес. Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтын да – ана. Әрбір ана бақытты өмірді, тыныштықты тілейді. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Дүниеде анасыз адам жоқ. Жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ананың көкірегінен нәр алған. Ана – өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет ананың ақ сүтімен дариды. Ана – ұлы адам, қасиетті жан. Ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.
Балабақша бүлдіршіндері әнде айтты, би де биледі, кейіпкерлерді де сомдады.
Бұндай қойылымдар балалардың сөзді жадында сақтауға, көпшіліктің алдында жаңылмай, мүдірмей сөйлеуге, мейрім мен қаталдықты, жақсы мен жаманды ажыратуға өте көп үлес қосады. Сондықтан да болар Оқу-Ағарту министірлігінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдардамасында ұлттық құндылықтар мен әдет ғұрыптарға, әдеп пен еңбекке баулу үдерістеріне басымдылық жасалған.
Алматы қаласы Алатау ауданы
КМҚК №148 бөбекжай балабақша
әдіскері:Токтасынова Меруерт Болатбековна
меңгерушісі:Шарапиева Рая Задановна
Музыка жетекшілері:Садвакасова А.К., Толендиева М.Т.
Керемет! Тек алға! 148 балабақша өрлей берсін, балапандардың болашағы зор болсын!
Балалардың зейіннін ашып жатқандарыңызға мың алғыс.
Керемет тек алга
Тек биіктен көрінуіне тилектеспин