Home » Мақалалар » А.Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасын сахналау әдісі арқылы оқыту

А.Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасын сахналау әдісі арқылы оқыту

Исхакова Базаркуль Кемелбаевна
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

А.Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасын сахналау әдісі арқылы оқыту

Көркем шығарманы сахналау арқылы оқыту – ең тиімді тәсіл. Шығарманы сахналауға бала өзі тікелей қатысады: актері де, көрермені де өзі. Сахналауға қатысқан және көрермен болған оқушы да ең алдымен, шығарманың мазмұнын толық түсінеді, ерекше әсер алады. Ал балаға ерекше әсер еткен шығарма  оның есінде жақсы сақталады. Сонымен бірге шығарманың идеясын анықтауға көмектеседі. Идеясын түсіну арқылы бала сол сахналанған шығармадан тағылым, өнеге алады, сол себептен шығармаларды сахналауды пайдаланған дұрыс деп ойлаймын. А.Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасын сахналаған тәжірибеммен бөліспекшімін.

Поэма  Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайында аңыз жазылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың ФирдоусиНизамиӘлішер НауаиЖәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай, поэмаға жас кезінде Ескендірдің  тәрбиешісі болған ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.

Ақынның «Ескендір» поэмасында диалог аз. Сахналауға оңай болу үшін поэманың негізгі желісін сақтап, кейіпкерлер арасындағы диалогті дайындадым. Негізгі кейіпкер Ескендір, оның ұстазы Аристотель, қақпа иесі және Ескендірдің сарбаздары арасындағы диалог арқылы оқушылар шығарманың негізгі ойын анық түсініп, талдай алуына ықпал жасады. Поэманы сахналау барысында ақынның өз сөзін автор сөзі ретінде қалдырып, диалогтермен қатар пайдаландым. Сахнаның декорациясы, музыка, әр кейіпкерге сай костюмдер- барлығы шығарманың реңін кіргізе түсті.

А.Құнанбайұлының «Ескендір дастаны»

Абай жырға қосқан Ескендір —  тарихи тұлға,  тарихта болған адам, сондықтан  Ескендір туралы деректер айтылды.
“Ескендір” поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті
ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан
В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А.Македонскийдің  қырып-жоюы туралы
жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада
Ескендірдің аты – жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы –
Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. “Ескендір” поэмасы тармақты
42 шумақтан тұрады.

Сахнада автор сөзін айтатын оқушы тұр. Автор сөзі.
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары — оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екен,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.
Атағы талай жерге оның жетті,

Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.
Алдынан шыға алмады ешкім мұның,
Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп алмақшының.

1-көрініс (Сахнада Ескендір әскерлерімен)
Ескендір
Уа, менің жеңілмейтін әскерлерім,
Біздер үшін нұрын төксін көктегі күн.
Жарты әлемді соғыспенен мен жауладым,
Мына бізді қолдай берсін, Хақ тәңірім!

Есімде ғой әрбір күннің есебі,
Ауыр күндер артта қалды кешегі.
Аз емес қой жаулап алған жеріміз,
Бағындырам жер жүзін, оған күшім жетеді

Сарбаздар. Бірнеше сарбаздың дауыстары қабаттаса шығады.
Жасасын біздің даңқты қолбасшымыз!
(Осы кезде қарсы жақтың әскері шығады. Ескендірдің әскері және қарсы жақтың әскері арасындағы шайқас басталады. Қылыштасқан шайқастың  дауысы шығады.

Ескендірдің әскері жеңеді, Қарсы әскер түгел ажал құшады. Жеңілген әскер сахнада  жатыр. Ескендір  сәскерімен бірге масайрап тұр.)

Ескендір.
Уа, даңқты Македония ұлдары,
Бізге мәлім даламыздың сырлары.
Кім айнытар, мені мына жолымнан,
Ал қанекей, еріндерші соңымнан!

Сарбаз.
Уа, әміршім! Сөзіңе құлақ ұрамыз,
Біз ереміз, айтқан сөзде тұрамыз!

(Сахна жабылады.)
(Сахна сыртында автор сөзін айтатын оқушы тұр).

Автор сөзі.
Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салды қиын істі.

Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.
Мысалы, астындағы ат о дағы ұшты,
Ескендір де атының жалын құшты.
Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.

2-көрініс
(Ескендірдің әскері шөл далада шаршап келе жатыр, Бәрі қалжыраған, шаршаған.)
Сарбаз.
Әміршім!

Айдан асты, шөл далада келеміз,
Тығырықтан жол таппаймыз неге біз?
Шөлдедік біз, атымыз да болдырды,
Бүйте берсек қырыламыз, өлеміз!
Сарбаз.
О, әміршім! Өзіңсің ғой қорған да,
Артта қалды таулар менен орман да
Шөл далада өлеміз бе осылай,
Тығырықтан шығатұғын жол бар ма?
Сарбаз.
Асыл текті сарбаздарым, шыдаңдар!
Қиыншылық артта қалған бұдан зор!
Жеңілмейтін әскерімнің бағын бер
Бұдан шығар жол да бізге табылар!

(Осы кезде сарбаздардың бірі  алыстан ағып жатқан суды байқайды.)
Сарбаз.
Әміршім!

Ана таудың етегінде, күн нұры,
Естіледі бір бұлақтың сылдыры!
(Бірнеше сарбаз қайталап қуана сұрайды)

Бұлақ?
Қәне, қайда?

Сарбаз.
Иә, рас мынау өзі бұлақ қой!

Сарбаз.
Бұл да бізге Алла берген сынақ қой!
Ескендір.
Ал ертерек біздер сонда жетелік,
Сол бұлақтан су ішейік, көтеріп!

Сарбаз.
Мына судың дәмі қандай керемет!

Сарбаз.
Бізге осы зәмзәм суы керек ед!
Ескендір. (суға қарап ойланып тұрып қалады. Сосын сарбаздарына қарап сөйлейді.)
Ғайыптан пайда болған бұл неткен су?
Бәрің ішіп, бұл суға бетіңді жу.
Бір бай елден осы су шыққан шығар,
Өрлеп барып, үстіне тігейік ту.

Аралаңдар, мына таудың шатқалын,
Ал қанекей, тегіс бәрің атқа мін!
Зәмзәм суы мына менің меншігімде болады,
Тез табыңдар мына судың бастауын!

Сарбаз.
Әміріміз, бізге берген сый бүгін
Орындалад, бізге берген бұйрығың!
Автор сөзі
Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей,
Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.
Көкпеңбек темір киген өңкей батыр

Тарттырып жөнеледі сырнай-керней.
Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,
Судың басы бір құзар шатқа кірді.
Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,
Қақпасы бекітулі, көзі көрді.
Қақпаны ашайын деп бәрі ұмтылды,
Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.
Аша алмады қақпаны, үміт үзді,
Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды.
Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой?
Дел-сал болып бәрі де қайта шықты,
Алысып әл келмесін байқаған ғой.

3-көрініс.
(Ескендірдің әскері қақпаны аша алмай Ескендірдің жанына келеді. Қолбасшының бұйрығын орындай алмағаны үшін төменшіктей сөйлейді.)
Нұрмахат
Бастау табу- мына бізге басты арман,
Ал сол бастау құзар шыңнан басталған!
Қорғанменен жабылыпты бастауы,
Аша алмадық, алтындалған қақпаны!
Ескендір
Осыншама жер қайысқан қолменен
Қақша ашу қиын іс пе сендерге?!
Қақпаны ашам, мына маған сеніңдер
Ал қанеки, бәрін маған еріңдер!
(Сахнаның келесі бұрышында қақпа тұр. Ескендір әскерлерімен келіп, қақпаны тарсылдатып ұра бастайды.)

Ескендір.
-Кім бар мұнда, ар жағында қақпаның?
Жөн болады, жылдам маған ашқаның!
(Қақпаның жоғары  жағынан бір адам шығып сөйлейді.)

Қақпаның арғы жағынаншыққан адам.
-Бұл кім өзі? Тыныштықты бұзған кім?
Қақпаны аш!- деп айқай салып тұрған кім?

Ескендір
Білмесең, мен — Ескендір, саған келген,
Жер жүзінде соғыста бәрін жеңген.
Қақпаны аш, хабарыңды айт, білдір маған
Қорлық бұл, ешқашан да көз көрмеген!

Қақпаның арғы жағынаншыққан адам.
Ей падишаһ, әдептен аспа енді,
Бұл құдайға бастайтын қақпа еді.

Ескендір

Қақпаны ашу мына менің қолымда,
Қақпаны аш! Бөгет болмай жолымда!

Қақпаның арғы жағынаншыққан адам.
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсан өзіңнің нәпсіңді жең.
Іші тар, көре алмайтынның біреуі-сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.

Ескендір
Талпынған, талаптанған, мен де бір ер,
Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.
Ең болмаса халқыма көрсетейін
Сый болсын, белгі болар бір нәрсе бер!

(Қақпаның арғы жағынаншыққан адам Ескендірге бір түйіншекті береді.)

Қақпаның арғы жағынаншыққан адам.
Сыйым осы падишаҺ, мынаны ал,
Саған керек құнды зат ішінде бар.
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апар-дағы ойланып, көзіңді сал!
(Ескендір түйіншекті алып, сарбаздарының қасына келіп, қуана сөйлейді.)

Ескендір
Уа, халқым! Кереметті қараңдар,
Әрбіріңнін беретұғын бағаң бар.
Мына мені кіргізбеді қақпадан
Бірақ құр қол қайтармады бәтшағар!
Өздерің-ақ айтарсыңдар төрелік
Қане не бар, ішін ашып көрелік!
(Сарбаздар қолбасшыны қоршап тұра қалады, бәрінің назары қолбасшының қолындағы түйіншекте.)

Бірнеше адам бірге.  Иә, көрелік!
(Түйіншектің ішінен адамның бас сүйегі шығады. Ескендір бұны көріп қатты ашуланады.)

Ескендір
Мынауы не? Қу сүйек қой қуарған,
Маған лайық сый болмады бұлардан.
Апар-дағы, лақтырыңдар далаға,
Маған лайық осындай сый бола ма?!
Бірнеше сарбаз қатарласа.

Бұл қорлық қой!
Лақтырайық далаға!
Сарбаз.
Әміршім!
Байқап тұрмын, сүйек емес бұл тегін,
Белгілі ғой бұдан бірақ үркерің.
Аристотель ғұламаға барайық,
Сезіп тұрмын бізге бір жөн сілтерін!
Ескендір
-Жарайды онда, жіберіңдер бір хабар,
Ғұлама ғой, сырын тапса, сол табар.
Сарбаз.

Құп болады, әміршім
(Ескендір бірнеше сарбазымен сахнаның бір шетіне таяу тұрады. Келесі жақтан бірнеше сарбазбен Аристотель кіріп келеді. Ол сүйекке қарап ойланып отырады.)

Аристотель
Тегін сүйек емес екен расында,
Сүйек тұрсын таразының басында.

-Қазынадан алтын, күміс алыңдар
Бір басына тегіс соны салыңдар.
Салыңдар да қару-жарақ барлығын,
Таразылап көріңдерші әрбірін.
(Сарбаздардың бірі таразыны алып келеді, келесі бірі таразының бір басына адамның бас сүйегі, келесі басына қару-жарақтардың үйіп салады. Сонда да бас сүйегі ауыр тартып тұрады.)

Ескендір
Өз көзіме сенбей тұрмын әлі мен,
Бір қу сүйек басым түсті бәрінен.
Не бар енді қу сүйектен асатын,
Зат қалды ма қу сүйекті басатын?

Аристотель
Бір уыстай топырақты алып кел
Сосын оны бас сүйекке шашып көр!
(Сарбаздар бас сүйекке топырақ шашады)

Ескендір
Данышпаным, таң қаларлық ісің бұл,
Бізге енді құпиясын түсіндір!
Аристотель
Бұл адам көз сүйегі білген жаңға,
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да
Өлсе тояр көзіне құм құйғанда
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?!
Қанша тірі жүрсе де өлген күні
Өзге көзбен бірдей ақ болады екен.
Ашуланба, ей патшам, айтайын дат:
Алтын қақпа бермеді Сізге рұқсат
Сый сұрадың – бергені бір қу сүйек
Мұны көріп алсаңыз Сіз де ғибрат!
Ескендір (Ескендір көрермендерге қарсы қарап тұрып, алысқа көз тастап ойлана сөйлейді.
Бұл өмірде болмас деп ем арманым,
Жалған дүние жартысын да жауладым.
Бірақ бұл да аз боп маған көрінді,
Тек соғысқа бастай бердім елімді.

Бір ашкөздік жайлап алды денемді,
Алған беттен қайта алмадым мен енді.
Айтыңдаршы, тоқтау айтар маған кім?

Әлі талай елді жаулап алармын,
Қу сүйектей топырақ басса жүзімді,
Сонда ғана мен тыныштық табармын.

Әрқашанда барға қанағат етейін,
Сарбаздармен еліме тез жетейін.
Сарбаздарым, бағытымыз ендігі —
Туған жердің топырағы, елдігі.
(Сарбаздар қаруларын жоғары көтере қуана дауыстап сөйлейді.)

Сарбаздар
Туған жерге ораламыз! Туған жер!
Бізге жұмақ, туған жерім, думанды ел!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.