Home » Білім және өнер » Жоғалған институтты алмастырушы «Өркендеу» жобасы туралы не білесіз ?

Жоғалған институтты алмастырушы «Өркендеу» жобасы туралы не білесіз ?

   Ақпанның 27 Рухани жаңғыру аясында өткізілетін «Өркендеу» жобасының жүзеге асуына тікелей атсалысып жүрген №51 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сара Інкəтқызымен сұхбаттасып қайттық. Жобаның мақсаты, атқарылып жатқан жұмыстар, қоғамдағы өзекті қандай проблемалар бар осыған ұқсас көптеген сұрақтар.  Енді рет-ретімен айтатын болсақ. Қəзіргі Қазақстан қоғамында ажырасулардың жиілеп кетуі, оның кесірінен отбасындағы əке, ана орнының жоғалуы жəне бала психологиясына үлкен зардаптар келіп жатыр. Осы мəселелердің бір шешімі бар. Ол отбасылық құндылықтарды қалыптастыру арқылы жүреді. Əкені сыйлау, ананы ардақтау, отбасыдағы байланыстарды нығайту секілді іс-əрекеттер бұрындары ата-əже, қоғамның тарапынан келетін тыйымдар арқылы жүзеге асып отырды. Өкінішке орай қəзір ол институттар жоғалған. Себебі 90 жылдары əлеуметтік жағдай төмендеп, əке де, ана да нан табу қамымен айналысса, бала тəрбиесімен көше жəне ғаламтор айналысты. Нəтижесінде отбасылық құндылықтардан бейхабар ұрпақ келді. Енді апат содан келді. Келді екен деп қол қусырып отыра береміз ба? Жоқ, шешім бар. Ол — «Өркендеу» жобасы. Жоба аясында оқушыларға əке, ана, отбасылық құндылықтар жайлы көптеген ашық сабақтар, семинарлар, арнайы апталықтар, пікірталастар жүйелі түрде өтуде. Осы іс-шаралар арқасында өскелең ұрпаққа ана мектебі, əже мектебі, əке мектептері жайлы көптеген құнды мəліметтер берілуде жəне жобамыз оқушы ата-ана қарым-қатынасын жақсарту мақсатында неше түрлі ортақ жарыстар өткізіп жатыр. Ал ендігі кезекте бұл жоба бізге керек па жоқ па оны оқырмандар өзі шешер, бір анығы мақсат бар жəне сол мақсатқа жету үшін жұмыстар атқарылып жатыр.

Ақмырза ӘЛИМАН 
«BILIM AINASY» 
Нұр-Сұлтан қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.