Home » Мақалалар » «Ұлттық өнер» көрмесі

«Ұлттық өнер» көрмесі

Жуырда Алматы қаласының № 199 мамандандырылған гимназия жанындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында ART марафон форматындағы «Ұлттық өнер» көрмесі ұйымдастырылды.

Аталмыш көрменің мақсаты ұрпақтар сабақтастығын дамытып, оқушыларлың ұлттық өнерге, халық өнеріне, жеке адамның, отбасының, жалпы қоғамның құндылықтарын түсінуге негізделеді.

Көрме негізінен «төрт тоқсан — төрт өнер» ұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында өткізілді. Шараның негізге алған бағыты балалардың шығармашылық әлеуетін арттыру, мәдениет пен өнер арқылы сұлулық әлеміне баулу, ел тарихына деген мәнділігі мен қызығушылығын арттыру, патриотизмге және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мәдени мұраны сақтау. Жас суретшілерді қолдау, білім алушылар мен мұғалімдердің басқарушылық дағдыларын дамыту, ART-марафон қатысушыларын қайырымдылық көмек көрсетуге тарту. Пайданың 20%-ы аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды гимназия оқушыларының өнер бұйымдарын сатып алуға, плэнерден өту үшін лагерге жолдамаға алуға көмектесу қорына бағытталады.

«Ұлттық өнер» көрмесінің бағдарламалық міндеттері бар. Оқушылардың мәдени ой-өрісін кеңейту, дәстүрлі ұлттық өнер мен халық өнерінің алуан түрлеріне қызығушылықтарын дамыту;
• ұлттық өнер мен халық өнерінің озық жетістіктерімен таныстыру арқылы патриоттық сезімге, эстетикалық талғамға, Қазақстанның мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
• ұлттық өнерді, халықтық қолданбалы өнерді меңгеру және дамыту үшін оқушыларды шығармашылық іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне баулу.
• Тәжірибе алмасу және кәсіби біліктілікті арттыру.

  

АРТ марафонға №199 мамандандырылған гимназия оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және шақырылған қонақтар қатысты. «Ұлттық өнер» көрмесіне гимназия оқушылары мен мұғалімдері келесі номинацияға байланысты жұмыстарын ұсынды:
1) тоқыма бұйымдарын өндіру: гобелен, кесте, моншақ, батик, киіз басу;
2) ағашты, сүйекті, былғарыны көркем өңдеу: көлемді және тегіс ою, ағаш кескіндеме, қайың қабығынан жасалған бұйымдар; кірістіру (сүйек, металл, ағаш);
3) металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, ұсақ мүсіндер, бедерлеу, соғу;
4) ағаштан, тастан, балшықтан (қыш балшықтан), сабаннан, ағаштан, тоқыма бұйымдарынан шағын мүсіндер жасау;
5) ұлттық ою-өрнек элементтері бар халық киімінің элементтерін (қалпақ, бас киім, шар, жилет және т.б.) жасау;
6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;
7) кескіндеме немесе графикалық жұмыстар: кез келген материал мен техника қолданылды.

  

Айта кетейік көрме келген көпшілік жұрттың назарына ұсынылып, көз тартар қолөнерлер мен дарынды суретшілердің еңбегі ыстық ықыласқа бөленді. Мектеп басшысы Сандуғаш Нышанова жоғары деңгейде ұйымдастырылған көрменің әр бөлімімен таныстырып, келген қонақтарға сұхбат та берді. Аталмыш көрменің басты мақсаты жас дарындарды қолдау, олардың шығармашылық қырын арттыру болып табылады.

«Білім айнасы»
Алматы
Дулатбек Нұрланұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.