Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі педагог-сарапшы
Кулзахова Акмарал Шалдарбековна
№26 Жамбыл атындағы мектеп -гимназиясы
Әуелгі бастан ұлттық құндылығымызды жоғары қойған халықпыз.Қай ақынның шығармасын еңбектерін оқысақта ұлттық құндылығымыз жоғары екенін білеміз.Осы құндылықтарды отбасы басында жасөспірім бозбала кезден үйретеміз,өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына сіңіру әр азаматтың міндеті деп білемін. Ұлттық құндылықтар Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде де басым. Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, тілін, тағы басқа ұлттық құндылықтар аясында кеңейту- өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат- ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі кездегі мәдени жетістіктермен үйлестіру.Жас ұрпақ тәрбиесінде кез- келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі.Олар -тілі, діні,дәстүрі, тарихы ,атамекен –елі.Өз ұлтын қадірлеп ,қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж. Аймауытов: « Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын.Оны үзе алмаймын.Үзу қолымнан келмейді», — дейді.СырымДатұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі –өзім, екіншісі –халқым» -дейді . Ал Ахмет Байтұрсынұлы «Отан- өткенімізді танып , бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу», -деді. Жас өсіп келе жатқан ұрпаққа Отанның қымбат екенін, ел тарихының бүгінгісі мен өткенін бағалай білуді айту , ең бастысы өзің де елдің бір тұлғасы екеніңді қадірлей білуін шарт.Ақынның алғашқы жинағында «Қырық мысал» атты аудармасында ұйқыда жатқан қараңғы елдің санасын оятуға бар күш -жігерін білімін жұмсайды. Ахмет Байтұрсынұлы тұңғыш қазақ графикасын түзуші «Әліпбидің» жаңа түрін жазды.Осы «Әліппе» арқылы қазақ сауатын ашты. «Өз тілімен сөйлескен өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.Ұлттың сақталуына да ,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тілі» -дегенАхаң.Ұлттық құндылығымыздың бастауы -тіліміз .Тіл жоқ жерде ұлт та жоғалады.Тіл-бөбектің үні, тіл -ананың әлдиі,тіл- бесік жыры. Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келген асыл қазынамыз – ұлттық тіліміз, мемлекеттігіміздің тұлғасы,тәуелсіздігіміздің тұғыры. Аңызақ желге, сылдырлап аққан бұлақ суына құлақ суына құлақ тоссаң, бабалар үнін естисің. Тіл арқылы тереңде жатқан тарихтың өткенгісі мен бүгінгісін тарихи тағылымын,мәдениеттің,әдебиеттің ұлағатын танисын. Тіл- ар өлшемі.Тәлім-тәрбие тілден басталады.Олай болса тілге құрметпен қарау- рухы мықты, өткенімізді саралап, болашағымызды болжай білетін ұрпақ тәрбиелеу.
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі (284 бет) – әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы. Ғалымның ауыз әдебиеті мұраларын халықтың рухани қазынасының сарқылмас көзі деп тануына және әдебиетті зерттеп,теориясын сөз етуіне оның сөз өнерін, жалпы өнер атаулыны, оның ішінде музыка өнерін сүйе білгендігі себепкер болған. А.Байтұрсынов-музыкадан хабары бар, оны тани білетін адам болған. Ол өзі жақсы домбырашы да еді, пианиннода да ойнай білген. Қазақтың музыкасы өнерін тұңғыш зерттеп, әлемге танытушы атақты А.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» деген 1925 жылы Орынборда шыққан кітабында А.Байтұрсыновтың өз жұртының әндерін жақсы білетіндігін және ол әндерді тамаша орындайтындығын әрі шебер домбырашы болғанын жазады. Ол қазақ халқының тарихын, этнографиясын, тұрмыс-салтын жетік білгендіктен, Торғай,Ақтөбе, Бөкей ордасы, Қарқаралы өңірлерінің әндерін жазуда өзіне көп көмектескенін, тіпті екі тамаша күйді Байтұрсыновтың өзі орындап жаздырғанын айтады. А.Байтұрсыновтың тіл мен әдебиет қана емес, этнография,тарих мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек. М Әуезовтің жазуына қарағанда, ол 1923 жылы «Мәдениет тарихы» атты кітабын жазып бітірген. Мұнда,сөз жоқ, автор қазақ халқының азаматтық, мәдени,рухани өмірін әңгімелеуге тиіс. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді. Отбасылық тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық құндылықтар балада ұлттық таным жүйелі қаланып, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын, елжанды азамат бола алады. Бірақ соңғы жылдары қазақ ұлтының төл тарихында байқалып отырған отбасылық тәрбиедегі олқылықтар мен кемшіліктер ауқымы үлкен ұлттық мәселеге айналуда. Сол мәселелердің бірі ретінде ұлттың тіл тағдыры, ұлттық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарымыздың дұрыс сақталмауы алаңдатады. Мәселен, ана тілін, ата тарихын, мәдениетін, ұлттық салт –дәстүрлерін білмейтін жастар; тастанды жетім балалар мен «қиын» балалар; отбасын құрмаған немесе ажырасқан жастар; ата – аналардың бала тәрбиесімен айналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі т.б. Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – қазақ халқының отбасындағы бала тәрбиесіндегі ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие беру.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге –жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде отбасында атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», — деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаҺандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр.
Біздің қоғам алдындағы мақсатымыз- ұлттық сана-сезімі қалыптасқан ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз. Тәрбиенің басты міндеттердің бірі- жас ұрпақты азаматтық пен отаншылдыққа баулу. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашатын туған жері, кең байтақ гүлжазира даласы. Балаға «Отан», «туған жер» дегеніміз – тарихи қалыптасқан әлеуметтік, саяси және мәдени орта. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз, ата – бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуді пайдаланған бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдында асқарлы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген. «Болашақ ел қамқоры», «Отан қорғаушысы», «Шаңырақ иесі», — деп жақсы сөзін қазақ халқы баласына арнаған. Отанды сүю халық ауыз әдебиетінде, ақын жыраулардың шығармаларында, халықтың тәрбие-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары, отбасындағы ұлттық тәрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығармалары, бейнелеу өнері, қол өнері туындыларында тәрбиелік мазмұнда көрініс тапқан.
Қазір кімде-кімнен оның отбасында қандай дәстүрлер бар және олар қаншалықты маңызды деп сұрасаңыз, әрбірі басын шайқап,иығын көтереді. Не жауап берерлерін білмейді. Ал соңғы кездері БАҚ- тарда отбасылық дәстүрлері туралы өте көп айтылып жүр.Бұл туралы дауыстап және шаттанып айтылуда. Отбасын нығайту және дамыту бойынша әр түрлі бағдарламалар туралы отбасылық мұраға ұқыптылықпен қарау туралы. Тек барлық отбасылық ұлттық дәстүрлер,әдетте, балаға түнде ертегілер оқумен ғана жинақталады. Ахмет Байтұрсыновтың қай еңбектерін алсақта қазақтың болмысы шынайы суреттеледі.Ақын еңбектеріндегі ұлттық құндылықтарды қазіргі жастар білу оқу, парыз.Ақынның мына сөзімен қортындылаймын. «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек ,қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек». Қай қоғамда өмір сүрейік, ұрпақ- ол біздің болашағымыз.Сондықтан болашағымызға қазіргі сәттен ұлттық құндылығымызды бойына сіңірсек, тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге нық сеніммен, қадам баса аламыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Ахмет Байтұрсынұлы Ақ жол» Р.Нұрғалиев; Алматы «Жалын»1991жыл
- «Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары» Ітом Р.Имаханбе; Алматы «Ел- шежіре» 2003 жыл
- «Ахмет Байтұрсынұлы» Ә.Әбдиманұлы; Алматы «Арда» 2007 жыл
- «Әдебиеттік оқу» 4 сынып С.Рахметов, Т.Әбдікерім; Р.Базарбекова; Алматы «Атамұра» 2015 жыл
Аннотация
Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы тек қазақ халқының емес өзге де түркі тілдес халықтардың тілдік құрылымының дамуына өз үлесін қосты.Ақын жазушының еңбектеріндегі ұлттық құндылық басым.Ол қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам.Ақын фольклор танушы оның еңбектерінде ұлттық құндылықтарға бай салт -дәстүр ,әдет -ғұрыпқа қатысты шығармалары бар.Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің әлі құндылығын жоймағандығын және оның өмірі барлығымызға үлгі екендігін көрсету.Көкірегі ояу қазақ баласының ұлттық құндылықтарды меңгеруі оның отбасылық құндылықтарды меңгеруінен басталады.
Аннотация Ахмет Байтурсынов, основоположник казахского языкознания и литературовдения,реформатор национальной письменности,всего лишь казах,не языковой строй других тюркоязычных народов способствовал развитию нации.Он человек казахского фольклора.Его произведения богаты национальными ценностями ,традициями и обычаями. Показать, что произведенияАхмета Байтурсынова не утратили своего значения и что его жизнь является примером для всех нас. Приобретение национальных ценностей казахским ребенком начинается с усвоения им семейных ценностей.
Annotation
Akhmet Baitursynov,the founder of Kazakh linguistics and literary studies,the reformer of the national script,is only a Kazakh.Not the language structure of other Turkic-speaking peoples contributed to the devolpment of the nation he is a man of Kazakh folklore.His works are rich in national values,traditions and customs.To show that the works of Akhmet Baitursynov have not lost their value and that his life is an example for all of us. The acquisition of national values by a Kazakh child begins with his acquisition of family values.
БАЯНДАМА
Тақырыбы: “Ахмет Байтұрсынов қазақ даласының дара тұлғасы
Орындаушы: Кулзахова Ақмарал Шалдарбековна қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.Педогог — сарапшы.