Home » Балабақша » РЕСУРСТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АСТАНАЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАП ӨТКІЗГЕН ІС-ШАРАЛАР

РЕСУРСТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АСТАНАЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАП ӨТКІЗГЕН ІС-ШАРАЛАР

Ресурстық-білім беру орталығының бастамасымен 2019 жылдың 19 қарашасында Кәсіпорынның түзету-сөйлеу топтарында жұмыс істейтін педагогтар үшін Нұр-Сұлтан қаласының №1 «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. ППТК 0-мен 18 жас аралығындағы балаларға, сондай-ақ арнаулы немесе жалпы біліммен қамтылмаған ересек жастағы балаларға көмек көрсетеді. Кәсіпорынның түзету-сөйлеу топтарында жұмыс істейтін психологтар, логопедтер, тәрбиешілер ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс туралы, диагностика әдістері мен тәсілдері туралы қызықтыратын сұрақтарға жауап алды. Түзету кабинетінің мамандары Санкт-Петербургтің Ерте араласу институты әзірлеген «RCDI – 2000 шкаласы бойынша баланың дамуын бағалау» компьютерлік бағдарламасында жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен диагностиканың тәжірибелік тәсілдерін ұсынды.

2019 жылдың 4-6 желтоқсан аралығында Кәсіпорынның Ресурстық-білім беру орталығы инклюзивті білім беру және ерте дамыту мәселесі бойынша «Әр түрлі және бірдей балалар туралы» тақырыбында ұйымдастырған 3 күндік елордалық оқыту семинарына қалалық балабақшалардан 48 педагог пене медицина қызметкері қатысты. Шараға «Асыл Мирас» Аутизм орталығы диагностикалық қызметінің педагогтары, «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары білім беру мектебінің өкілі (Австралия), БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы ЮНИСЕФ желісі бойынша «Ерте жастағы балаларды дамыту» оқыту курсының жаттықтырушысы шақырылды. Сондай-ақ, Кәсіпорында 2019 жылы 7 желтоқсанында елордалық балабақшалардың 24 медициналық қызметкері үшін балабақшадағы тамақтануды реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, балалардың дұрыс тамақтануының принциптері, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 10 күндік ас мәзірін әзірлеу кезіндегі практикалық мәселелер туралы «Мектепке дейінгі ұйымда тамақтандыруды және өндірістік бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Кәсіпорын педагогтары үшін 2019 жылғы 20 желтоқсанда Есіл аудандық Төтенше жағдайлар департаменті мен елордалық Жол полициясы басқармасы өкілдерінің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі сыни жағдайларда әрекет етуге балаларды оқыту тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Қатысушылар мектепке дейінгі ұйымдарда штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде қауіпсіз жүріс-тұрудың тәсілдері, террористік қатер төнген кездегі адамдардың және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері, жол қозғалысына қатысушылардың тәртіп ережелері туралы әңгімеледі.

Автор: Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасыны
Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК,
ИТЖБ әдіскер — сүйемелдеушісі — Конакова Бахытгуль Каиргельдиновна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.