Home » Білім және өнер » Сахнаға сапар

Сахнаға сапар

      Бүгінгі сапар нысаны Жантасова Гүлжан Тұрсынбайқызы меңгерушілік жасайтын Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына қарасты, Есіл ауданында орналасқан №88 «Баян сұлу» балабақшасы. Бас  қаламыздың ауа райы жайсызданып ақтүтек боран түтеп тұрса да бөбектер бағбандары  көркемдік эстетикалық  тәрбие негізі бойынша театрландырылған қойылым арқылы балалардың тілін дамыту мақсатында «Сахнаға сапар» атты  қалалық семинар өткізіп жатыр деген соң еріксіз атбасын бұрған болатынбыз. Ол әрекетімізге өкінбедік. Бұл театрландырылған қойылымдар, мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуға, сөздік қорларын байытуға, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға, үйретуге негізделген.
Абыр-сабыр, қонақ келеді деген соң болар деп түсіндім. Бір кісіні, бір кісіден айыру мүмкін емес. Олай дейтінім бір ананың баласындай бір-бірінен айнымай қалған тәрбиешілер бір тектес киімде киінген. Есіме әскерде болған кезім түсіп бір жымидым. Ондада осыған ұқсас жағдай болып еді. Шашымызды тақырлап алып тастап, бәрімізге бірдей форма кигізгенде бір-бірімізге таңданысып қалған едік. «Адам көркі шүберек» деген сөз осыдан қалған болар.  Киіммен қабылдастық ұжым жақсы әсер қалдырды. Енді не көрсетеді деген сын-пікір де жоқ емес еді.

   Қонақтар келгені осы еді бірден сергіту сәтіне тұрысты. Әр кім өзінің есімі қандай қаріптен басталса, сондай әріптен келетін жақсы атақпен өзін айқындауы тиіс екен. Келесі кісі сол сөздері қайталай келе өзінің де ерекшелігін қосады. Сол тіркес жалғаса келе соңына соңғы кісіге жеткенше жалғасады. Шатасады, күліседі, бір-біріне көмектеседі. Міне сабақтастық, ынтымақ-бірлік осы жерден басталады деп ұқтым.

№88 «Баян сұлу» балабақшасының әдіскері Хамидуллина Ғалия Латенқызының айтуынша  –Үш жылдан бері көркемдік эстетикалық бағытында құрылған кластердің қазіргі кезде жетекші №19 «Балбөбек»,№ 90 «Еркежан» балабақшалары жүйелі жұмыс жасап, өзара пікір алмасып жаңашылдыққа баса назар аударылуда. Жоғарында айтылған балабақшалар  қолдау білдіріп келе жатқан тілекшілеріміз. Жалпы біздің балабақшамыз өткен жылы театрландырылған қойылым арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып көптеген жұмыстар жүргізген. Балалардың сөйлеу белсенділігіне ықпал еттік. Сонымен өнерлі ұжымның алғашқы қойылыммен еңбексүйгіштігімен  өз ісіне жауапкершілікпен қарай отырып, бүлдіршіндерге білгенді үйретуге тырысып баққан болатын. Балалар шығармашылығын жүйелі дамыту, балалардың театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, сахна мәдениетіне баулу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, дамытуды көздеген педагогтар өздерінің нағыз өнер жанашырлары екендіктерін көрсетті. Балабақшада театрлық қойылымдарға қажетті оқу әдістемелік құралдарымыз барынша қамтылған және тәрбиеші  ата аналармен бірігіп өз шеберліктерін шыңдай отырып театр бұрыштарын толықтырып оқу қызметтеріне пайдаланып келеді.

      №88 «Баян сұлу» балабақшасының әдіскері Турганбаева Набат Шарипханқызының  кластер бойынша ойын білсек. Ол кісі де тосылмады.
–«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай бала біздің басты байлығымыз. Шындығында да  көркем образ арқылы жандүниені тебірентіп бір жылатып бір күлдірген өнердің құдіретін түсіне білген жандар шынайы жеткізе аларына көзіміз жетті. Былтырғы жылы театр арқылы баланың шығармашылығын дамытсақ, биылғы жылы театр арқылы балалардың тілін дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Өткен жылға қарағанда биылғы жылы көптеген театр түрлерімен толықтырылды Тантамареска, Орамал театры, Мнемокест…..т.б көптеген театр қойылымдарын қойып жұмыс жасап жатырмыз дейді.

Өлеңдер өріліп, монологтар төгілді. «Жан анам» Қасым Данагул Әлібекқызы, «Ана» Меңдіғалиева Ардақ Бақытқызы, «Анашым» Маханбет Жұлдызай Оңалбекқызы, «Тастамашы мені анашым» Оспанова Жанель Арманқызы, «Өмір» Матина Камила Тулегенқызы өнерлерін көрерменге тарту етті. Естідік, көрдік мұрнымыз пысылдап, көз жанарына  түйіршік – түйіршік жас тығылды. Тамақты жайлап ешкім көрмесін дегендей қынап қойып қайта қалыбымызға келуге тырыстық. Тәрбиеші мақсаты әр тәсілмен бүлдіршіндерді тәрбиелеу болса. Өлең, ертегі оқуды назарға алған осынау бала жанының бағбандарына ішіміз жылып қоя берді. Келесі кезек сахналық қойылым болды.  «Тастамашы мені анашым» Балалар қатысып апайлары монолог оқыды.  «Ертегілер әні» Бәйтерек тобының тәрбиеленушісі Амира Түскенбаева орындады.  «Бақыт» монологын  Макатова Сания Есенгалиқызы орындап көрермен көзайымына айналды.  «Батыр ана Баян сұлу» көрсетілімінде «Ана» Әдіскер-Тұрғанбаева Набат Шарипхақызы, «Әке» Денешынықтыру нұсқаушысы-Төлеген Нұрсұлтан, «Балалары»  — Ересек тобының тәрбиеленушілері сомдады.

Келесі кезекте «Аладдиннің сиқырлы шамы»  қойылымын көрсетіп таң – тамаша қалдырды. Аладдин-Меңдіғалиева Ардақ Бақытқызы, Аладдинның Анасы — Аяпберген Айнаш Багалықызы, Зұлым сиқырышыИсаева Айгүл Арыстанбекқызы, Жасмин  Ханшайым — Оспанова Жанель Арманқызы, Жасмин  Ханшайымның құрбыларыМаханбет Жұлдызай Оңалбекқызы, Қасқырбай Айжан Қасқырбайқызы, Джин Матина Камила Тулегенқызы кейіпкер болды.

   Жарқ-жұрқ еткен періштелер биі кезек алды.   Бишілер болып «Балауса» тобының балалары өнерін көрсетті.

Балабақша психологы Маханбет Жұлдызай Оңалбекқызының Ата-аналармен (сұрақ -жауап) тренинг ұйымдастырылды. Тосын сұрақтарға мүдірместен ата-аналарда жауап беруге тырысып бақты. Кей сұрақтарға өздерінің уәждерінде айтып үлгеріп жатты.

Өз кезегінде Хамидуллина Галия Латеновнада қарап қалмады  «Менің ертегілерім» Тантамареска, Орамал театры, Мнемокесте театры шебер – сыныбын көрсетіп, тәжірибесін ортаға салып, әріптестеріне білгенін көрсетті.

    Қаздай тізілген тәрбиешілер «Ұстазбын мен» әнін топпен орындап қонақтарды таңдай қақтырды.  Өздері әнші, биші, актер өнер ордасына тап болған біздер қызықтап сол көрген білгенімізді айтудан басқа амал қалмағандай болып көрінді маған.

Осынау ұлан –асыр жұмысты жүзеге асыруға мұрындық болып отырған Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына қарасты, Есіл ауданында орналасқан №88 «Баян сұлу» балабақшасының меңгерушісі  Гүлжан Тұрсынбайқызына сәттілік тілесіп тарастық.

Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
“BILIM AINASY”
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.