Қорғанбек Сәуле Қуандыққызы
Қ.И.Сәтбаев атындағы
№7 мектеп- лицейі,
биология пәнінің мұғалімі
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай,келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ кепілі. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін өзімінің сабақтарымда тиімді әдістерді пайдаланамың.
Еркін жазу.
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы.
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Ассоцациямен жұмыс.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалана отырып оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін дамытамың. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді:
-жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;
-оқушыны басқа жақтарынан таниды;
-өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды;
— өзі білмейтін ақпараттарға тап болады;
-оқушының жұмысын бағалайды;