Home » Мақалалар » Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру

Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жоспарлар аясында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Қ.Ақмұрзаева басшылық етіп отырған Алатау аудандық Білім бөлімі күзгі демалыс күндерін мектептің басқарушы мамандары үшін тиімді өткізу мақсатында әр күнге түрлі тақырыптарда озық тәжірибелі мектептердің тәжірибелерін тарату мақсатында әдістемелік семинарлар өткізуді жоспарлаған.
Қазіргі таңда білім беру ошақтарында бала тәрбиесінде ерекше маңызды болып отырған, өзекті мәселелердің бірі және бірегейі — мектептегі психологиялық қызметтің талапқа сай ұйымдастырылуы, жүзеге асырылуы. Бала жүрегіне жол тауып, мектеп, отбасы, қоршаған ортамен қалыпты қарым-қатынас қалыптастыруға үлес қосу — мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде үлкен жауапкершілікті қажет ететін міндеттердің бірі. Осындай міндеттерді жүзеге асыру мақсатында №156 жалпы білім беретін мектепте ауданымыздың психолог мамандарына арналған «Мектептегі психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында мектеп психологының құжаттарымен таныстыру, тәжірибе алмасу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында аудандық әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарды мектеп психологтары Авдунова С.Н., Слямханова С. үлкен шеберлікпен, іскерлікпен өткізді.

   

Семинар барысында мектептегі психологиялық қызмет және психологиялық қызмет жұмысының жүргізілу барысына жан-жақты тоқталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Психологиялық қызмет әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз етуде негізі мақсат болып табылады. Психологиялық қызметтің жұмысы — білім берудегі қиындықтарды анықтау, диагностикалау, кеңес беру, қолдау көрсету, ата – аналар мен педагогтер және заңды өкілдерінің психологиялық сауаттылығын арттыру. Жаңадан келген мамандармен жақын танысу мақсатында “Танысу және интерактивті жаттығу” әдісі арқылы семинарға қатысушылармен сәлемдесіп, танысу жүзеге асырылды. Алматы қаласының білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің құжаттамасын жүргізу «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігінің 25.08.2022 жылғы №377 бұйрығы негізінде және №8611 «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу тәртібіне әдістемелік ұсынымдардың» 19- тармағында психологиялық қызмет мамандарының істер номенклатурасы негізінде жүргізілетіндігі туралы жас мамандарға түсіндірілді. Сонымен қатар құжаттардың жинақталу тәртібі жөнінде мағлұматтар беріліп, көрсетіліп, тәжірибелер іс жүзінде таратылды. ‘Жанұя” отбасын қолдау орталығымен бірлесе жүргізілген жұмыстар барысымен таныстырылды. «Мектеп психологының түзету – дамыту және кеңес беру жұмыстары» бойынша да жүргізілу тәртібі және толтырылатын құжаттар тәртібі көрсетілді. Сергіту сәтіінде психолог мамандарға «Табата» биі билетілді. Семинар соңында мектеп психологтары тарапынан кері байланыс беріліп, семинар туралы ойларын ортаға салып, ризашылықтарын білдірді.

     

Алматы қаласы Алатау ауданы
№ 156 жалпы білім беретін мектептің
педагог – психологтары
Авдунова Саниям Нурмахаметовна
Слямханова Салтанат Слямхановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.