Home » Балабақша » Күз қызықтары

Күз қызықтары

Алматы қаласы Түрксіб ауданы
№131 бөбекжай-балабақшасында
“Күз қызықтары” атты іс-шара өтті.

— Бүгінгі іс-шараның мақсаты — табиғаттағы өзгерістер туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем құрастырып, әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызы туралы түсінік беру. Жапырақтардың түсінің өзгеруі, жемістердің пісуі туралы
және ой-өрісін дамыта отырып, есте сақтау мен тілін дамыту. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру. Өсімдіктерді күтіп-баптауға және табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Адамдардың күзгі еңбегі туралы түсінік беру — дейді мектепалды топ тәрбиешісі Миргалеева З.Р.
    

Тәрбиешінің бүгінгі сабағы бірнеше бөлімдерден тұрды. Тоқталатын болсақ,
бір — бірлеріне деген жылы лебіздерін берулерін өтінді. Балалар мұқият тындап. Бір — біріне ризашылықтарын білдірді.
“Күзгі жапырақтар” өлеңін балалар мәнерлеп дауыстап оқып, хормен қайталады. Мақал-мәтелдер айтып, жаңа сөздермен танысты. Сұрақ — жауап әдісі арқылы балалардың іс — әрекетін қорытындыланды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, мадақтауға,
сергіту сәтіндегі жаттығуға мәз — мейрам болды.
    

Тәрбиеші үшін баланың сабаққа белсенді қатысып, риза боп шыққанынан артық жетістік жоқ шығар.

Күз мезгілі әсерлі мерекелерімен,
қоңыр — салқын ауасымен, қыңыр мінезімен, алтын кілем төсеп қойғандай біздің есімізде түрлі оқиғалар арқылы қалатыны рас. Бала қиялы, бала көзі күздің сыртқы бейнесін есінде әдемі етіп сақтауы керек.
Күз – сиқырлы, күз — сұлу…

BILIM AINASY,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.