Home » Мақалалар » Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі

Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі


Алматы қаласынан,
№200 мектеп-гимназияның
қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Жаксылыкова Айбала Аскарбековна

2024 жылдың 5 қыркүйек күні «Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбында тілдер мерекесінің онкүндігі өтті.
Онкүндіктің мақсаты: Тіл заңының орындалуын қадағалау, еліміздің болашағы- жастардың мемлекеттік тілді кеңінен қолдануын насихаттау, тіл – татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру. Оқушылардың тілге деген құрметін арттыру.
Мектеп оқушыларына қазақ, орыс,ағылшын тілдерінде тіл туралы мағлұмат берілді. Салтанатты ашылуға 8,9,10,11 сыныптар қатысты.
Олар ақын ата-бабаларымыздың тіл туралы айтқан нақыл сөздері мен өлең жырларын мәнерлеп оқып, ән айтты.

Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес. Ол біздің тіл биіктігімізді, ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік сөзі деп түсінгеніміз жөн. Тіл – тазалықтың, пәктіктің, имандылықтың жаршысы. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр.

Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «…Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай.

Тілдер фестивалінің он күндігінің жабылуын барлық тіл мұғалімдері
үш тілде сыныптан тыс іс-шараны оқушылармен өткізді. Іс- шарада оқушылар тілге қатысты ән айтып, өлең жолдарын оқыды. Онкүндіктің жабылуында оқушыларды мақтау қағазымен марапатталды. Қорыта келе оқушылар осы өткен онкүндікке белсене қатысты.
Қазақ халқының бүгінгі ұрпағы мақтанғысы келсе, артында осыншама тіл байлығын қалдыра білген бабаларымен мақтана алады.
Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған тіл — қазақ тілі мәңгілік жасай берсін!
     

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.