Home » Мақалалар » ДЕНЕ ТӘРБИЕ САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

ДЕНЕ ТӘРБИЕ САБАҒЫН ӨТКІЗУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Айтымов Айса
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
М.Бегенов орта мектебінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

 

Жаңарып отыратын ақпараттар толқыны жағдайында білім алушыларды үнемі жан-жақты дамыту, мұғалімнің өзінің пәндік теориялық білімін күнделікті көтеріп отыруды талап етеді. Қазіргі мектепке өз пәні бойынша сабақты тартымды өткізуімен қатар, білім алушылардың танымын, көзқарастарын дамытатын, оларды қызықтыра алатын мұғалім қажет.

Қазіргі таңда елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қалыптасып өмірге енгізіліп жатыр. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Оның себебін де баршаңыз білесіздер, басты себептерінің бірі — ол білім берудің мазмұнының жаңаруы, білім беру парадигмасының өзгеруі, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынастың пайда болуы. Білім мазмұнының жаңартылған бағыты — ол сабақта, оқу үдерісі кезінде, білім алушының мұғалімнің бағыттауымен өздігінен білім алуға ықпалдандыру.

Білім мазмұнының жаңартылған бағыты ол сабақта, оқу үдерісі кезінде, білім алушының мұғалімнің бағыттауымен өздігінен білім алуға ықпалдандыру. Сонымен бірге, белсенді оқыту арқылы әртүрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып білім алушылардың зейінін сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын ояту.

Мектептегі негізгі тұлға ол – мұғалім болып табылады. Жаңартылған білім беру бағытында мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, беретін білім мазмұнын жаңашалап, керекті, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, өзінің әдістемелік негіздерін қалыптастыруы керек. Сондықтан да мұғалімдердің кәсіби даярлығына қойылатын талап та жоғарылауда,                              ал нәтижеге жетуі ізденістегі мұғалімнің іс-қабілетіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.

Ахмет Байтұрсыновтың «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», — деген сөздері, қазіргі заман талабына сай білім беру мүддесіне қатысты айтылғандай. Өз ісінің шебері, ізденімпаз, жауапкершілікті маман ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы жаттығуларды толық қамтитын, ондағы қимыл-қозғалыс дағдыларын білім алушыға үйрете алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды саралауды, оқытудың дәстүрлі әдіс-амалдарын, құралдарын жетікті меңгертетін, білім алушылардың дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы және пәнге қызығушылығын арттыратын мұғалім болу ол — өмір талабы.

Дене тәрбиесі сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігі. Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы білім алушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу — дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті  сабақта пайдалану қажет. Дене  тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау  технологиясын тиімді пайдалану. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы, білім алушылардың бейімділігін арттыруға болады.
Білім алушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.

Сабақ кезінде білім алушының  ішкі позициялық көзқарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім  сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы  қажет.

Олар  мыналар:

  • Әр білім алушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
  • Білім алшының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
  • Білім алушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу.

Дене  шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен білім алушының  қабілеті, бейімділігі баса назарда  болуы керек. Дегенменде, білім алушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан білім алушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. Сол  себепті мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен білім алушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім  оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен  жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс.

Жаңа идеяларды енгізу барысындағы орындалатын міндеттер:

  1. Білім алушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
  2. Білім алушының логикалық ойлау  қабілетін дамыту.
  3. Әр білім алушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
  4. Білім алушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
  5. Білім алушының санасын, сенімін, көзқарасын, білімін арттыру.
  6. Білім алушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машық-тандыру.

Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни білім алушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде білім алушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.