Казизова БахытгульТемиржанқызы
Степногорск қаласы
«№1 Ақсу орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
педагог-зерттеуші
Сабақтың мақсаты: Пән бойынша білімдерін тереңдету, пысықтау және жүйелеу;
- Оқушылардың сөйлеу әрекеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту;
- Мемлекеттік тілді қастерлеп, туған жерін, табиғатын, тарихын мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Сабақтың көрнекілігі:слайд, флипчарт, түрлі-түсті бояу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, география, тарих.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу (мақал-мәтелдің сыңарын табу арқылы). 2 топқа бөлініп, оқушылар жайғасады.
Психалогиялық ахуал қалыптастыру
Мұғалім:
Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір,
Қазақ осы — «Өнер алды – тіл»- дейтін,
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба – жатырқауды білмейтін.
Қ.Мырзалиев атамыздың өлеңімен тәрбие сағатымызды бастайық.
Жарыс сабағымыз 8 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Таныстыру.
2-кезең. «Зерек болсаң, зерделе»
3-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр»
4-кезең. « Сөз тапқанға, қолқа жоқ»
5 –кезең. «Ассоциация».
6-кезең. «Ой толғау»
7-кезең. Мақал – сөздің мәйегі.
8-кезең. Бәйге (топ басшылар сайысы)
Әділқазылар алқасын сайлаймыз (бағалау жүйесі 1-5 балға дейін).
1-кезең Таныстыру
Сәлем берем халқыма,
Сәлем берем жалпыңа.
Сәлемдесу кіреді,
Ата-дәстүр салтына.
2-кезең
«Зерек болсаң, зерделе (Экранда берілген суреттерге мақал айту керек).
Мысалы. «Ат-ер қанаты», «Ас-атасы-нан», «Қызға қырық үйден тыю», «Қыз өссе-елдің көркі».
3-кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» (экранда 8 сұрақ шығады, сұрақтарға жауап беру керек).
- Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989ж 22 қыркүйек)
- Бал тамған тілден…тамар? (у)
- Қазақ тілі қай топқа жатады? (түркі тілдес,қыпшақ-ноғай)
- Ал екінші бақытым тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Өлеңнің авторы кім? (М.Мақатаев)
- Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Кімнің сөзі? ( Б.Момышұлы)
Сергіту сәті: Жасұланның орындауында «Дала» өлеңі.
4-кезең «Сөз тапқанға, қолқа жоқ».
Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру. Бұл кезеңде топқа әріп беріледі. Сол әріптен басталатын сөз айту керек. Ал екінші топ айтылған сөздің ең соңғы әрпінен басталатын сөз айту керек. Мысалы:Алма — ана – ақ- қара
Сары-ыдыс-сағат-тай-йод-дала-арман-нан-нағашы т.б
5-кезең «Ассоциация». Екі топ тисілі тақырыпқа «Табиғат» немесе «Қазақстан» сөздеріне ассосация құрап, топ алдында берілген тақырыпты қорғайды.
Мысалы: Табиғат Қазақстан
6-кезең «Ой тлғау» берілген суреттерге әңгіме құрау.
7-кезең «Мақал-сөз мәйегі» мақалдың сыңарын табу.
1.Құлақтан кірген суық ……….. (сөз)
Жүрекке барып мұз болар.
2.Таза мінсіз асыл ……….. (тас)
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
3.Бас кеспек болса да, ….. кеспек жоқ. (тіл)
4.Сөз анасы –құлақ, …. анасы — бұлақ. (су)
5.Ілім – бұлақ, …. – шырақ. (білім)
6.Жігіт бір сырлы, … қырлы болсын. (сегіз)
7.Тіл тас жарады, тас жармаса ….. жарады. (бас)
8.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі … біл. (ілім)
9.Қаһарлы сөз …. бұзар. (қамал)
10.Айтылған сөз атылған ….. тең. (оқ)
11.Ине көзінен сынады, …… сөзінен сынады. (шешен)
- ….. сөз – жарым ырыс. (жақсы)
8-кезең «Бәйге» топ басшылары сайысқа түседі
(Шарты 1минутта бірнеше сұраққа жауап беру керек.)
- Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай)
- Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім? (Ы.Алтынсарин)
- Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42)
- Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
- Қазақстан Республиксының рәміздері (Ту,елтаңба,әнұран)
- 100 жасаған ақын (Ж.Жабаев)
- Киіз үйдің төбесі (шаңырақ)
- «Қазақ солдаты» романын кім жазды? (Ғ.Мүсірепов)
- Тілдің қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан,жіңішке)
- «Күй» поэмасының авторы кім? (І.Жансүгіров)
Сабақты қорытындылау. Мұғалім: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым,дара тілім.
Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді «Екі жұлдыз, бір тілектеріңді» білдіріп,тақтаға ілеміз.
Мұғалім: Табылар,білім болса бар асыл да
Кезек келді қазылардың бағасына.
Әділқазыларға сөз береміз, жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.