Home » Ашық сабақтар » ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМ ЕНБЕК САБАҒЫНДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ДАМЫТУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМ ЕНБЕК САБАҒЫНДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ДАМЫТУ

Таукебаева Кунсулу Сатхановна,
Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша
ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының
меңгерушісі, т.ғ.к., қ.профессор

Қазіргі кезеңде оқушылардың  көркем енбек сабағында технологиялық білімдерін дамыту       үшін  өздігінен білімді игеруге оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
Технологиялық оқушылардың көркем еңбек сабағында технологиялық білімдерін дамыту    білімдерін дамыту  қалай жүзеге асады?

Бүл мақсатқа жету үшін тұлғалық-бағдарлық білім беру барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану абзал. Сонымен қатар, бұлдиалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

Оқытуда инновациялық оқыту тәсілдерін қолдану оң нәтиже көрсетеді. Олардын бірқатарын көрсек, олар:

  • Бeлсенді оқу;
  • Бірлескен оқу;
  • Саралау;
  • Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • Пәнаралық байланыс;
  • Мультисенсорлы оқу;
  • Оқу әңгімелері;
  • Электроды оқыту және жаңа технологияларды қолдану;
  • Модельдеу.

Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылығын көркем енбек сабағында технологиялық білімдерін дамытады.

Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту.

Оқушылардың көркем сабағында технологиялық білімдерін дамыту

Көркем енбекті оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесін көрсетсек, олар:

  • білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану;
  • сын тұрғысынан ойлау;
  • зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
  • қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану;
  • топпен және жеке дара жұмыс істей алу;
  • мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау;
  • кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады;
  • кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.

Жалпы орта білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

Оқушылардың көркем енбек сабағында технологиялық білімдерін дамыту мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту. Бұл қандай нәтижеге қол  жеткізеді? Нәтижелерді қарастырсақ, олар мыналар:

1) Қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінікпен білімді дамытуға;

2)Қазақстан және әлем халықтарыныңкөркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;

3) Өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;

4) Зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытуға;

5) Оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);

6) Жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;

7) Эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;

8) Уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;

9) Оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

10) Оқушыларға дағдыларын шыңдауға мүмкіндік береді;

11) Оқуға қолдау көрсету;

12) Қажетті білім деңгейін қалыптастырады.

Сондай-ақ, белсенді оқуға ынталандыратын жаттығу әзірлегенде бағамдау мәселелері назарға алынуы тиіс. Олар:

— Қадағалау жазбалары;

— Қиялмен жұмыс істеу;

— Нақты тәжірибелік дағдыларды дамыту;

— Тәжірибе жұмысы мен талқылау арқылы визуалдық элементті зерттеу;

— Өнер туындыларымен сыни жұмыс істеу. Осы жаттығулар белсенді оқуға ынтаны қалыптастырады.

Енді, көтерілген идеяны жүзеге асыру тетіктерін қарастырайық, олар:
— Білім беру құндылықтары;

  • Оқу мақсаттары жүйесі;
  • Білім беру мазмұны;
  • Оқытудың әдіс-тәсілдері;
  • Сабақтан тыс жұмыс.

Сонымен, идея іске асқанда оқушының әлеуметтік бейнесі қандай болатынын зерделейік:

  • Жауапкершілігі мол, белсенді азаматтық ұстанымы бар;
  • Өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайды және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылады;
  • Мәдениеттер мен көзқарастардың әр алуандығына құрметпен қарайды;
  • Шығармашылықпен және сын тұрғысынан ойлайды;
  • Қарым-қатынасқа ашық және ықыласты;
  • Әлеуметтік жауапкершілікті сезінеді;
  • АКТ тиімдіқолданабіледі;
  • Өмірбойыбілімалуғажәнеөзін-өзіжетілдіругедайын.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың көркем және технологиялық білімдерін дамытудағы мақсатқа осылай қол жеткізілді. Міне ұсынған идеяның құндылығы да осында.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.