Home » Мақалалар » ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ТУРАСЫНДА

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА ТУРАСЫНДА

Рахымжанова Салтанат Алтайқызы
Актөбе облысы Айтеке би ауданы  Комсомол селосы
 «Тан Шуак» мектепке дейінгі ұйымы

        Ұлан байтақ жерімізді мекен еткен ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне жіті көңіл бөлген. Оларға дала қазағының заңдарын, ұлттық дәстүрлерді, адами қасиеттерді ерте жастан бойына сіңіре білген. Уақыт өте келе адамдардың білім мен тәрбиеге деген көзқарасы өзгерді. Өзгермегені олардың алдына қойған мақсаты. Ол тәрбиелі және білімді, бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
   Соған сәйкес түрлі заңдар мен шешімдер қабылданып келеді.
     2016-2017 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына түрлері мен типтеріне қарамастан білім беру процесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13  мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – стандарт), мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес ұйымдастырылған. [1.1] Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.  Оған оқу мақсаттарын зерделей отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру барысына көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді.
Сонымен қатар жаңартылған стандарт негізінде балабақшаларда ғылыми және практикалық жетістіктері мен шет елдік тәжірибелердің ескерілуі нәтижесінде
Алғашқы қадам
Зерек бала
Біз мектепке барамыз бағдарламаларының орнына бағдарлама әзірленген болатын.
Мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа талаптарға сәйкестендіру және балалаларды тәрбиелеу үшін жағдайларды жасау қарастырылды. Оларға білім беретін тәрбиешілердің білім деңгейін арттыру, одан ары дамытуды көздейді. Ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасында, мектепке дейінгі тәрбие мен оны оқытудың жалпыға міндетті стандарты айқындалып көрсетілген болатын.
Бағдарлама аясында инновациялық технологияларды пайдалану және білу уақыт талабы болып отыр. Бірақ шынын айту керек, алғашында технологияны меңгере алмағандардың саны көп болды. Қазір жаңаша үрдіспен оқыту барысында бірқатар тәрбиешілер мен педагогтар бұл саланы да меңгеріп алды деп айта аламын. Балабақшада инновациялық технологияны пайдаланған тәрбиешілер мына жағдайларды естен шығармаған жөн:
Жаңалықтың өзіне және балаларға тиімді екендігін анықтауы қажет
Оны зерттеп, іске асыру болып табылады
Нәтижесін көрсету, өзінің дұрыс деп тапқан ұйғарымына дәлелдер арқылы бала санасына білімнің жаңа үлгісін енгізе алу болып табылады.
Мектепке дейінгі  тәрбие мен оқытудың мазмұны жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына бағытталды.
«Денсаулық» білім беру саласы
 Баланың денсаулығын нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. «Ең бірінші байлық денсаулық» демекші оның шынықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. Түрлі спорт түрлері арқылы баланың міне-құлқына әсер етуі болып табылады.
«Коммуникация» білім беру саласы
Балаға сөйлеуді, көркем әдебиетті және сауат ашу негіздерін бала бойына дарыту болып табылады.
«Таным» білім беру саласы
  Бала бойына шет тілдерін меңгерту. Қарапайым ғана математикалық ұғымдарды үйрету және жаратылыстануды үйрету болып табылады.
«Шығармашылық» білім беру саласы
Баланың ойын дамуын қадағалау. Оның қай салаға қызығушылығы барын білу. Мәселен, музыкалыө аспаптар және суретсалу осы секілді шығармашылық жұмыстар жатады.
«Әлеумет» білім беру
Өзін-өзі тану, қоршаған ортаны тану болып табылады. [2.1] Бағдарламаға бала туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі тұлғаның психологиялық әлеуметтік дамуының негізгі кезеңдері енгізілген, бағдарламаның мазмұнын меңгеру нәтижесінде қалыптасуға тиісті білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер ұсынылған.
Критериалда бағалау жүйесі (бала қандай да бір іс-әрекеттерді ойлап табады, ол өз бетінше не істей алатынын түсінеді және қолданады), балалардың әлеуметтік дайындығын, көшбасшылығын, төзімділігін, өзін-өзі оқытуы деңгейін бағалауға және олардың дамуын түзету бойынша жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына қосымша бағдарлама ретінде әзірленді және педагогтар үшін де, ата-аналар үшін де ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру құралы болып табылады.
Бұдан басқа, балаларды мемлекеттік тілге табысты оқыту үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына вариативтік компонент есебінен ересек топтарда қазақ тілін оқытуды 1 сағатқа көбейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 қазандағы № 556 бұйрығы).
Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу білім беру процесінде  балаларды тәрбиелеу мен оқытудың классикалық және заманауи технологиялары (М. Монтессори, Ф. Фребель, Вальдорф педагогикасы, Н. Зайцев жүйесі, В. Воскобовичтің әдістемесі және т. б.) (мультимедиялық, анимациялық, дамыту ойындары және т. б.) қолданылады. [2.3] Қорыта айтқанда, білімді ұрпақ елдің болашағы екені анық. Біз қандай бағдарламамен жұмыс жүргізсекте, баланың қабылдап, оның ой-өрісін, өмірге деген көзқарасын өзгертуге тиістіміз. Баланың білімді болуы, мемлекеттің гүлденуіне әкеледі. Білім ешқашан адам бойынан алып тастай алмайтын, алтын қазына.
ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ:
1.«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру» 2017ж
Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау басшылығы Астана 2016
Интернет ресурстары: Martebe.kz / egov порталы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.