Жарылқасынова Айшолпан Жарылқасынқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№73 «Аяулым» балабақшасының тәрбиешісі
педагог-модератор
МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ!
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Ж.Аймауытов
Теңбіл тіршілікте бетін күншығысқа түзеп, санасына адамдықтың дәнін егіп, зердесіне руханияттың балын құятұғын тұлға болуды кім армандамайды десеңізші?! Кімге мұрат болмады екен? Кешегі балаң жастағы бала қиялдың жетегінде жүріп, бірі дәрігер, бірі ұстаз, енді бірі ғарышкер болуды армандады емес пе? Табы бірдің тағдыры бір демекші, мен де балдай тәтті балалықтың осы бір кезеңінде өз армандарымды бәйгеге қосып үлгерген едім. Менің болашақтағы тағдырлы арманыма қанат бітірген — ұстаз әлемі болды. Иә, мен үшін идеал, өмірге құштар, мотиватор, заманауи адам. Осылайша, ел баласына қызмет қылып, сауат ашуға титтей де болса үлесім тисе ̶ ел алдындағы перзенттік парызым деп ойлаушы едім, солай болды да! Бағым мен бабым келісіп оқу орнын жақсыға аяқтап, Қызылорда қаласындағы мемлекеттік балабақшада алғаш қызметтік сапарымды бастаған едім.
Ұлт көшбасшысы Дінмұхаммед Қонаевтың бір естелігіндегі: «Орайы келсе орақ ордық, кезі келсе кетпен шаптық» деген оралымдары еріксіз еске оралады. Жас маман бола тұра, жақсы істерге ұйытқы бола жүріп көптің алғысын, ақ тілеулі жандардың разылығынан кенде болмадық. Бәрінен де маңызы – кристалдай таза, сүттей ақ, судай мөлдір бала көңілінің шырағын жағу – басқа бақыт. Балалармен өткен уақыт ең қызық, әрі маңызды сәттер деп айтар едім. Жаныңды жадыратып, жүрегіңе тыныштық беретін саланың күнгейі көп деп ойлап қалмаңыз. Көлеңкелі сәттерде бір тұрып, бір жығылып ілгері басудың қаншалықты маңызды екенін білсеңіз ғой. Ең бастысы ниет қажет. Адамның ниеті дұрыс әрі таза болса болғаны, қалауы орындалып, кәсіби биігі жоғарылай түспек. Осы кезге дейін мамандық таңдаудағы шешіміме қылаудай болса да күмән түскен емес. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы: «… Бір әдісті болу – олақтықтың белгісі, түрлі әдісті білу – шеберліктің белгісі» деп ұрпақ тәрбиесінде қызмет қылатын «қауымға» айтса керек. Шығармашылық шыңына шығамын деген кісіні өзіне елітіп, шақырады да тұрады. Шыңның шырағын көрген адам оны жарқырата түсуге асық болары сөзсіз. Менің кәсіби жолымның басты қағидаты да осы. Үнемі дамыған адам ғана үдерістің үдесінен көрініп, тұлғалық деңгейге жетеді.
2019 жыл, күз айы. Арман қуып барған әрбір жастың арқасын қағатын Астана қаласына қызметке орналастым. №73 «Аяулым» балабақшасы менің мамандық бойынша жететін жетістіктерімнің түндігін қайырды. Себебі, Астана қаласындағы балабақшалардың тәрбиешілері арасында өткен кәсіби байқауда жүлделі орынға жайғасып, мамандықты сүюдің сәтті кезеңіне тағы да куә болған едім. Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнының бір көрінісі болып табылатын квалификациялық тестілеудің өзім жоспарлаған деңгейімдегі статусы (педагог-модератор) маған да бұйырды.
Ұжым… . Бірі сырласың, бірі ақылшың, бірі томағаңды сыпырып, бәйгеге қосар баптаушың, енді бірі анаңдай құшағын ашар мейірімді жандар. Өзің қандай болсаң – досың да сондай. Менің жеке өмірім мен қызметімнің бір нотада үндесіп жатуы – менің тағдырымның сыйы деп білемін. Менің бүгінгі жетістігімнің жемісті жолдары ұжымдағы жандардың ұлағаты мен ғибратты істері. Сол жандардың ілкімді істерін үлгілеп, ілгері басуды мұрат тұттым.
Балабақша – баланың балалық шақтағы ең қызық сәттерін қалыптастыратын құтты мекен. Әр баланың жұлдызын жағып, өмірге дайындап, қанатын қомдау – жауапты іс. Балабақша қабырғасында қаланатын білім де, тәрбие де ұлттық сипат алған кезде ғана өміршең болады. Қазір телефонға телміріп, алақандай экранға таңылған заман. Төрткүл дүниемен бір сәтте тілдесіп, ақпарат алмасатын деңгейге жеттік. 18 ғасырдағы «Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызды»-деген дала қоңырауы Ы.Алтынсариннің болжамы неше ғасырдан соң ақиқатқа айналды. Бірақ, біз тәрбиелеген ұрпақтың бойында қазақы болмыс, ұлттық рең жойылмауы үшін не істеу керек? Ұлт болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесі үшін аса қажет құндылықтар біздің әрбір әрекетімізден (ұйымдастырылған іс-әрекет, серуен, балалардың дербес әрекеті, сауықтыру шаралары) көрініс табуы қажет. Ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлердегі ұлттық нәрмен сусындай білген баланың кіндігі елге, туған жерге байланары сөзсіз.
Жақында психологиялық «Кемел адам» кітабын көзім шалды. Сол жерде кемел адам сипатын: ғылымға ғашық, ғибадаты терең, сөзі мен мінезі әділеттен құралған, тапқанын көппен бөлісе алатын мәрт мінезді, жомарт, тұңғиық тұлға деп берген екен. Олай болса, алдымызға келген таза көңіл иелерінің зердесіне осы құндылықтарды дарыту біздерден, тәрбиелеуші жандардан басталатынын естен әсте шығармаған жөн. «Қуанса бала қуансын», «баланың риясыз күлкісін ешнәрсемен теңестіруге болмайды», «бала-бақыт бастауы» деген оралымдар бекер қалыптасқан жоқ қой. Менің ұстанымым мен бала тәрбиелеудегі басты мұратым – балалардың жүрегіне жол табу. Әр нәрсені жүрекпен жасаған кезде ғана жүрекке жететін мазмұнға ие болары анық. Сондай-ақ, тәрбие мәселесі аса сақтықты, нәзіктікті, ізденісті қалайды. Білім бере отырып тәрбиелеу, оны отбасымен, айналасындағы қоршаған ортасымен ұштастыра ұйымдастырғанда ғана жемісті болмақ. Санасын сақтан, ғұмырын ғұннан бастайтын исі қазақтың әр баласы рухты, әр перзенті парасат биігінен көрінді емес пе? Бүгінгі буынның өне бойына осы болмыс белестері ұяласа кешегі Абай армандаған, Мағжан аңсаған ұлағатты ұрпақ болары сөзсіз.
Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым. Иә, бұл — әлем танитын қолбасшы А.Македонскийдің ұстазы. Әр адам мамандық арқылы өз өмірін қалыптастырады, баянды һәм мазмұнды етуді мақсат етеді. Лайым, осы жолдағы көшіміз көлікті болғай!
Еңбегің жемісті болсын.БАЛАБАҚШАЛАРЫҢ тек жақсы жағынан көрініп,шәкірттердің биік белестерді бағындырды берсін.
Талабың өрлей берсін биіктерден көріне беп
Жарайсыз! Тек алга!
Талабыңа нур жаусын,Алла абыройдан айырмасын
Биіктен көріне бер
Сәттілік серігің болсын.Биік белестерді бағындыра бер
Жарайсын карындасым тек алга
Сәттілік үлкен белестерден көріне бер. Еңбегин елене берсин .Арман максаттарын орындалсын
Биіктен көріне бер
Айшолпан өте еңбекқор, тынымсыз жан. Үлгілі отбасының тәлім—тәрбиесін жастайынан көріп өскен Айшолпанымыз бала тәрбиелеу жолында да үлгілі өнегесімен, тәлім, тәрбиесімен көпшілік көңілінен шығатынына шүбәм жоқ. Еңбегің жемісті болсын! Біз саған сенеміз!
Жарайсың өте еңбекқор қыз !!! Биіктерден көріне бер
Айшолпан, биік шыңдарды бағындыра бер! Өз ісіңнің маманы бол👍
Керемет, еңбегіңіз жемісті болсын
Сәттілік тілеймін!
Биіктерден көрініңіз!
Айшолпан еңбегің елене берсін. Биік белестерді бағындыра бер
Айшолпан биіктерден көріне бер!
Шығармашылығың шыңдала берсін!
Айшолпан еңбегің елене берсін
Айшолпан биіктерден көріне бер,алар асуың көп болсын!!!
с)мамаңның кластасы Гүлсім апаң
Айшолпан айналайын! Талабың таудай екен! Тек мамандығыңды жақсы көріп жасасаң үлкен жетістіктерге жетесің! Мен Айшолпанға сабақ берген ағайы ретінде жақсы білемін, ізденімпаз, жауапкершілігі мол оқушым болатын.Сенен көп нәрсе күтеміз! Тек жасыма, талма
Айшолпан оқушы кезден зерек, ойы ұшқыр, шығармашылыққа бейім болатын. Үнемі үздік ойымен , ерекше қабілетімен қатарластарынан оқ бойы озық жүретін. Таудай талабы мен асқақ армандары көп болатын. Осындау еректігің биіккк жетелейтіні анық. Әрдайым биіктен көріне бер! Жазарың таусылмасын
Болашағың жарқын болсын қарындасым!
Сәттілік тілеймін!
Тек сәттілік тілеймін! Енбегің еселене берсін. Мәртебең биіктей берсін, Айшолпан.
Талабың оң болсын, қарындасым. Біз сенің өзің сүйген осы мамандықтың нағыз майталманы боларыңа сенімдіміз.
Ой, моладец! Еңбегің елене берсін! Ұстаздық жолында қанатың талмасын!
Айшолпан молодец Алға сәттілік !
Жарайсың!
Биіктен көріне бер.
Айшолпан, алдағы еңбек жолың рахатты болсын!
Айшолпан, табысты да жемісті қызметтер биігінен шыға бер
Айшолпан еңбегің жемісті болсын! Абыройлы бол! Әрқашан биіктен көріне бер!
Саттилик, ак жол
Тамаша! Мақалаңызды басынан соңына дейін зор қызығушылықпен оқыдым. Қащақтың әдемі кең, бай орамды тілін кеңінен қолдана отырып өзіңіздің шебер, заманауи әрі үлкен жүректі ұстаз екеніңізді көрсете алғансыз. Кішкентай бөбектердің жүрегінен жол табу, олардың ата-аналарының көңілінен шыға білу бүгінде оңай дүние емес екен белгілі. Әрбір өткізіп жатқан іс-шараларыңыздан әлеуметтік желіге салынған үзінді суреттердің өзінен-ақ зор жауапкершілік пен ізденімпаздығыңыз, жаңалыққа жаны құмар жан екеніңіз сезіліп тұрады. Елдің алғысына, бөбектер мен ата-аналардың, әріптестердің ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіз! Шығармашылық толағай табыстар тілеймін!
Айшолпан еңбегіңіз еленіп, биік белестерді бағындырып, жұмысыңыздың жемісін көріңіз. Сізден тәрбиеленген әр бала сауатты білімді алғыр болсын
,,Ұлтқа қызмет ету-білімнен емес, мінезден,, …. Ұстыны бөлек ұлағатты мамандықты өзінің табиғатына сай таңдау-өмірді дұрыс қалыптастыру. Айшолпан жасынан жұмсақ мінезі мен білімі үйлесе кеткен, елгезек шәкірт бола білді. Болашақ мамандығын да дұрыс таңдап, кәсіби даму жолында келеді. Өрнекті ой, келелі пікірін білдіре отырып, өзінің кәсіби позициясында қала білді. Айшолпан, әр баланың жүрегіне жол табу-күнгейі мен көлеңкесі қатар жүретін іс. Азабы мол ләззатты жол. Осы жолдағы еңбегіңнің мәні -мәңгілік, мазмұны-тұңғиық болсын!