Home » Мақалалар » ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙДЕН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ  

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЙДЕН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ  

Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық
қолдау кафедрасының аға оқытушысы
Шамуратова Куралай Шамуратовна

«Өрлеу» БАҰО акционерлік қоғамының филиалы
«Батыс қазақстан облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының»
аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы

Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді  механизм  ретінде  инклюзивті  білім  беру  танылды.  Басқа  көптеген мемлекеттер  сияқты  Қазақстан  да  инклюзивті  бағыттағы  жалпы  білім  беретін ұйым  барлығы  үшін  орта  білім  беруді  қамтамасыз  ететін,  сондай-ақ  елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды.
Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен денсаулық  жағдайына  қарай ұзақ  уақыт  бойы  орта  бiлiм  беру  ұйымдарына  бара  алмайтын  азаматтар  үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы  білім  беру  ұйымдарында  тәрбиелеу  мен  оқыту  медициналық көрсеткіштерге  байланысты  мүмкін  болмаған  жағдайда  ата-ананың  (немесе заңды  өкілдердің) мүддесін ескере  отырып,  белгіленген  тәртіпте  оқыту  үйде жүргізіледі [1,2].
/Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайда білім берудің мақсаты мен міндеттері–білім алудың өмір бойына үздіксіздігі, білім сапасы мен қолжетімділігін, соның ішінде қашықтан оқыту арқылы қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім беру қызметтерінің кең спектрін қамтамасыз ету үшін тиімді жағдай жасау тәжірибесін белсенді түрде жүзеге асыру, олардың қанағаттануын жақсартады. Жаңа ақпараттық білім беру технологияларын енгізу және қашықтан білім беру арқылы білім беру бағдарламаларын және осы санаттағы балалардың білімге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара
алмайтын  балаларды  оқытуды  ұйымдастыру  үшін  екі  модель  қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.
Қашықтан оқыту – елімізде жалпы білім беру және арнайы білім жүйесінің құрылымдық жүйесі және ұйымдастыру, әдіс-тәсілдердің елеулі өзгерістерін білдіретін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды  арнайы оқыту формасы. Бұл өзгеріс барлық балалардың психофизикалық жағдайлары мен даму деңгейіне қарамастан әлеуметтену, тәрбиелеу, білім беру және дамытудың қашықтан электронды әдістерінің  бейімделген жүйесін жасақтауда.
Қашықтан оқытудың негізгі міндеттері:
— ерекше білім бер қажеттілігі бар балалардың білім беру бағдарламалары негізінде жоғары сапалы білім беру;
— қашықтан білім беру тұжырымдамасы мұғалімнің жетекшілігімен оқыту, сондай-ақ қосымша өз бетімен білім алу болып табылады.
Қашықтан оқыту — бұл зерттелетін материалды оқушыға жеткізу үшін ақпараттық технологиялардың жиынтығы, оқу үрдісінде оқушылар мен оқытушылардың интерактивті байланысы, сондай-ақ оқу процесінде зерттелетін материалды дамыту бойынша өз беттілік жұмысы бар оқушыларды қамтамасыз ету[3, б.234].
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастырудың  бірнеше әзірлік кезеңдері бар: өңделім, апробация және енгізуді қамтитын  әзірлік сатысы, негізгі қашықтан оқыту жүйесін тікелей қолдану кезеңі, бақылау-бағалау шараларын қамтитын қорытынды кезеңі.
Қашықтан оқытуға тән ерекшеліктері:
—  модулділік, бұл белгілі білім салалары туралы толық түсінік беретін әр бөлек курстар   (минимальды уақыт алатын сыйымды және барынша нақты модуль жасақтау, баланың бос уақытта өз бетімен жұмыстану үшін қызығушылық тудырады);
— оқушыларға тұлғалық бағытталған оқыту (сабақ және уақыт шектеуі жоқтығы, әр оқушының сақталған әлеуетін қолдана отырып кестеден тыс жұмыстану мүмкіндігі, бала өзінің кемшіліктерінен ұялған жағдайда немесе отбасынан тыс қарым-қатынас жасауға келіспеген жағдайда қашықтан оқыту);
—  технологиялық, өз бетімен, бірақ білімді меңгеру деңгейі бақылатын үдерісте өзара әрекет етудің әртүрлі әдістері, формалары және құралдары;
—  интерактивтілік,  ерекше білім беру қажеттілі бар балаларды оқытуға толық сәйкес келетін және жеткілікті құралдар болып табылады.
Үйде оқыту үшін оқу материалының мазмұны оқытудың мемлекеттік стандартын меңгерумен шектеледі. Үйде оқытуды ұйымдастырудың негізгі әдістері: сұхбат, әңгіме, түсіндірме, көрсету, компьютермен жұмыс істеу әдісі, өз бетінше жұмыс, демонстрация, жазба жұмыстары т.с.с. Үйде оқыту мұғалімнің оқушымен оқу жұмысын ұйымдастырудың жеке формасын басымдылықпен пайдаланумен құрылады, бұл іс-әрекеттің негізі оқушының өз бетінше жұмыс істеуі болып табылады.
Үйде оқыту құралына техникалық құралдар (компьютер, компьютер оқулығынан үзінділер т.с.с.) үйде оқитын оқушының жеке даму картасын бақылау, оқулықтар, анықтамалық әдебиеттер, диагностикалық әдістемелер жатады. Оқушының білімділігі үйде оқытуды ұйымдастырудың нәтижесі болып табылады.
Үйде  оқытуды  ұйымдастыру  бойынша  жалпы  әдістемелік ұсынымдардың 9-шы пунктінде:
Апараттық-коммуникациялық  технологиялардың  (бұдан  әрі —  АКТ) заманауи  мүмкіндіктерін  пайдалану.  Көптеген  елдерде  ұзақ  уақыт  бойы  білім беру ұйымына бара алмайтын мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың тиімді және қолжетімді түрі қашықтықтан үйде оқыту болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың,  сонымен  қоса  смартфондар, программаланатын  және  механикалық  lego-  құрылымдардың  заманауи мүмкіндіктерін  сауатты  және  мақсатты-практикалық  қолдану  оқыту  процесін, оның  ішінде  үй  жағдайындағы  оқуды  тек  арнайы  лабороторияларда  мүмкін болатын  оқу-зерттеушілік  процеске  айналдырады.  Сонымен  қатар, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқытудың АКТ-құралдарын қолданудың эргономикалық және  денсаулық  сақтау  нормаларын  қатаң  қадағалау  талап  етіледі.  Үйде оқытуда  АКТ  қолдану  балаларда  өзіндік  оқу  мен  зерттеу  жұмысының дағдыларын  қалыптастыруға  елеулі  ықпал  етеді.  Соңғы  жылдары  жүргізілген үйде  оқытылатын  балалардың  әлеуметтену  мәселесін  зерттейтін  арнайы ғылыми  зерттеулердің  нәтижесі  қашықтықтан  үйде  оқытудың  дәстүрлі  үйде оқытумен  салыстырғанда  өзіне  және  айналадағыларға  жағымды  қарым-қатынасты  қалыптастыруда  тиімді  болатынын  көрсетті.  Үйде  оқытылатын балалар  интернет-сайыстарға  қатысып,  мысалы  экологиялық  мәселелер бойынша,  жеңіп  жатқан  мысалдар  тәжірибеде  бар.  Мүмкін  виртуалды сөйлесу  құрдастармен  шынайы  сөйлесуден  кем  түсетін  шығар,  бірақ  мүгедек балалардағы  әлеуметтік  құзыреттерді  қиындықсыз  дамытуға  елеулі  ықпал ететіні айғақ деп көрсетілген[4, б. 33-34].
Қазіргі заманғы техникалық құралдар оқу материалдарын өз қажеттіліктеріне сәйкес оқушылар түзете алатын мүмкіндік береді.  Мысалы, оқушының көру қабілетінде кемшілік болса оқушы материалдағы шрифт түрі мен көлемін өзіне ыңғайлы  етіп үлкейтіп қарауына, суретті қойып немесе орнын ауыстыруына, түсін өзгертуіне, тақырып жазарда өзіне ыңғайлы графикалық символдарды қолдануына мүмкіндік бар. Осылайша, ең қолайлы сипаттамалары зерттелетін материалды  оқушы өзі таңдайды. Тірек-қимыл аппараттары қиындық туындататын оқушыларға ыңғайлы компьютер құралдары қарастырылған, тышқан және клавиатура және т.б. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қашықтан оқыту құралдарының бірі бейнеконференция арқылы оқыту, ZOOM немесе Skype бағдарламаларын пайдалану болып табылады. Skype  бағдарламасында жұмыс жасап отырып,  құжаттарды тең редакциялау мүмкіндігі үшін, мұғалім Google қосымшаларының Drive сервистерін  қолдана алады. Бұл әрекетті орындау үшін, мұғалім жаңа құжат жасайды немесе Word бағдарламасында бұрын құрылған құжатты пайдаланады, оны Google Drive ішіне жүктеп, құжатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді және осы құжат сілтемесін оқушыға жібереді. Google қосымшаларының ішінде Google Jamboard қосымшасының мүмкіндігі баланы шығармашылық ізденіс кезінде тез және жеңіл қабылдауға арналған пайдалы сервис болып табылады.
Қашықтан оқытуды Google қосымшасының 3 түрлі құрылғы арқылы жүзеге асыруға болады.
Google Jamboard тақтасы- бұл шығармашылық үдерісте мүмкіндігінше ыңғайлы болу үшін арнайы жасалған құрылғы.
Тақтамен бірге пластикалық «бор» мен «губка» бар, оны қолдану ыңғайлы және ешқандай жаттығуды қажет етпейді.
Сонымен қатар, Google Jamboard интерфейсінде әр түрлі қылқаламдарды басқару, қолжазбаларды тану және т.б. қоса сурет салу функциясының толық жиынтығы бар.
Мобильді қосымшаны Android және iOS платформаларына арналған смартфонда, планшетте немесе Chromebook-та іске қосуға болады.
Google Jamboard веб-қосымшасы, кез-келген заманауи браузерде жұмыс істейді.
Қосылу үшін Google Chrom браузерінің Google қосымшасына өтіп, Jamboard сервисін таңдалады немесе кез-келген браузердің бетбелгі (закладка) жолына https://jamboard.google.com/ адресін теру арқылы өте алады.
Қашықтан оқытуды жүзеге асыруда педагогтар командасына және ЕББҚ бар балаларға bilimlend сайтындағы инклюзивтік курстың материалдарын қолдану оның тиімділігін арттырары сөзсіз. Сонымен бірге imektep.kz, itest.kz, bala tili, sozdik, emle.kz  сайттарының өнімдерін пайдалану керек. Институтымыздың zkoipk.kz  сайтында «қашықтық курстары» жобасы аясында «Prezi веб-сервисі», «Smart құрылғылардың мүмкіндіктері» сияқты курстар инклюзивті білім беруде қашықтан оқытуды жүзеге асыратын педагогтерге АКТ құзіреттілігін арттыруда септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Пайданылған әдебиеттер:
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі
№ 319 Заңы
Қазақстан Республикасында мүгедектердi  әлеуметтiк  қорғау  туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы
Кобрина Л.М. Дистанционное  обучение  детей  с  ограниченными  воз-можностями здоровья как  средство  интеграции  в  системе специального обра-зования/  Л.М.  Кобрина,  Е.Т.  Логинова//  Международная  науч.-практ.  конф. «Формирование  социокультурных  компетенций  в  непрерывном  образователь-ном процессе»: сб. науч. cтатей. ФИРО., МИЭПП. – М.: Изд- во МГОУ, 2009. – С. 233–238.Азгальдов Г.Г.,  Костин  А.В. Интеллектуальная  собственность, инновации и квалиметрия//Экономические стратегии, 2008, №2.
Кобрина Л.М.  Дистанционное  обучение  детей  с  ограниченными  воз-можностями здоровья как средство интеграции в системе образования Ленинградской области/  Л.М.  Кобрина,  Е.Т.  Логинова.  Равные возможности–  новые перспективы.- М.: ГОУ ВПО МГПУ, 2010.
Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар. Астана, 2017
https://jamboard.google.com/.

Құрметпен, Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Шамуратова Куралай Шамуратовна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.