Хожабаева Камшат Табынбаевна
Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы,
Айрақты тұрғын үй массиві
№14 жалпы білім беру орта
мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемге таралған коронавирусты пандемия деп жариялады. Осыған байланысты, әлем елдерінде індеттің таралмауына және азайту үшін үздіксіз білім беруге, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу міндеті тұр. Осы орайда, мектебімізде
пандемеия кезеңінде жалпы білім беретін ұйымдарда 6 сәуірден бастап 22 мамырға дейін қашықтықтан оқыту көзделуде. Қазіргі уақытта
Қазақстанда білім жүйесінде ақпараттық технологиялар компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді.
Білім саласында оқытудың әдіс-тәсілдері уақыт талабына сай өзгеруде. Қашықтықтан оқыту дегеніміз –мұғалім мен оқушының арасындағы
қандай да интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы. Қашықтықтан оқытуда білім алушылар, ұялы телфондарын
ойын ойнап, сөйлесіп қана қоймай өздерінің білім алуына көп пайдасы бар екенін ұғынды.Оқушыларға ғана емес,ата-аналардың да итернет желісін
пайдалануда тереңірек меңгере бастады. Елбасымыз халқына арнаған жолдауында « Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге
асыру аясында педагогтердің ақпараттық коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастырып, дамытуға ерекше мән берілді. Бүгінгі таңда мектептерді
цифрлық мектепке айналдыруын туындап отыр. Егер кез келген педагог заманауи жаңа цифрлық технологиялар құралдарының мүмкіндіктерін
пайдалана алса, онда білім беру мен қатар қашықтықтан оқыту мәселесі оң шешімін табады деген ойдамын.