Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытудың пайдасы

Қашықтықтан оқытудың пайдасы

Маңғыстау облысы.
Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім беру орта мектебі»
Бастауыш сынып мұғалімі
Хажибайева Света Алдабергеновна

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта  ерте шыққан еді.

Соған байланысты төртінші тоқсанның сабағы қашықтықтан өтетін болды.

Білім және ғылым министрлігі  нақты осы іске қызу кірісті. Қашықтықтан оқытуға «Balapan» мен «Еларна» телеарнасы да атсалыспақшы.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа бірі- қашықтықтан оқыту.

Қашықтықтан оқу жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.

Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары:

-Заман талабына сай ақпараттық технологиялар мен құралдарды қолдану болып табылады.

-Сапалы білім беру.

Уақыт үнемдеу.

Ыңғайлы уақытта оқу.

Қандайда бір шектеулер жоқ.

Қашықтықтан оқыту- оқушы мен педагог арасында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын  оқыту. Қашықтықтан оқу сабақтары онлайн режимінде өткізуге негізделген.

Оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы байланыс болып табылады.

Қорыта келгенде әрбір мұғалімнің кәсіби деңгейін көтереді. Оқушыларды өз бетімен әрбір берілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік туғызады.

Құрметті оқушылар ел ертеңі сендерсіңдер, шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын. Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болатынына сенеміз, үміттенеміз.

Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Алда талай белестерді бағындыратындарыңызға сенемін. Біз біргеміз! Біз үйдеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.