Home » Мақалалар » Бірлігі жарасқан ел!

Бірлігі жарасқан ел!

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні. «Береке бастауы — бірлік» қағидасын ұстанған еліміз үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Мен,Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты  №108 жалпы білім беретін мектептің 10 — сынып оқушысымын. Біздің мектептің оқушылары қашықтықтан оқыту кезінде  әлемде болып жатқан төтенше жағдайға қарамастан,  үй жағдайында отырып, білім алып қана қоймай ,осы айтулы мерекеге орай, өлеңдерін  оқып, би билеп, бейнебаяндар түсіріп,жылы лебіздерін айтып  мерекені атап өтуде.

Қазақстанда тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, келісімде өмір сүруде. Тәуелсіз еліміздің осы уақытқа дейінгі жетістіктері тек бірліктің, сол бірлік арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында орын алғандығын жастар да  ұғынады. Қазақстанда ұлтына,  наным-сенімі мен  білім деңгейіне  қарамастан,  адамдар  бір-біріне құрметпен  қарайды.

Қазақ елі  — ұлттар  достығының  алтын  бесігі. Қазақстан барлық ұлт өкілдеріне  ортақ Отан болып тұр.  Біздің мектебімізде де әр түрлі ұлт өкілдері білім алуда,біз бір- бірімізбен өте татумыз.Дініміз,тіліміз басқа болғанымен тілегіміз бір. Бәріміз бір тудың астында жиналған ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы — ырысы, байлығы — берекесі болып, татулығы жарасқан  елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялататындығы  мені де қуантады.  Елбасымыз    Н.Ә. Назарбаевтың «Бұл  күн  барша  қазақстандықтың  бір-біріне  деген  мейірімділігінің,  достығы мен құрметінің жарқын мерекесіне айналуы тиіс» деген сөзімен ойымды аяқтай отырып,барша Қазақстандықтарды

«1 мамыр — Қазақстан халқтарының бірлігі күні» мерекесімен құттықтаймын!

Елімізде қалыптасқан бірлігімізді сақтап, тыныштығымызды ту етіп, бейбіт өмір сүрейік!

№ 108 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы
Айылшаев Бекзат Абылайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.