Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту –заман талабы

Қашықтықтан оқыту –заман талабы

Маңғыстау облысы
Жа
ңаөзен қаласы
«№
12 жалпы білім беретін
 бастауыш мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Исаева Мейрамгул Турганбаев

                 Аты құлаққа түрпідей тиетін, қорқынышты  індет елімізге де келіп жетті. Бұл  індеттің елімізде таралмауы үшін  елбасы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы шыққан болатын. Әрине төтенше жағдайға байланысты шыққан Жарлықты іске асыру бірден оңай емес екені кім-кімгеде аян еді. Сол жарлықтың негізінде Білім беру ұйымдарына, министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына, педагогтер мен оқушылардың өзара іс-қимылына, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы жіберілді. Қолымызға осы бұйрықты алғаннан кейін ойымызда сан түрлі сұрақтар туындады. «Оқушыларды қашықтықтан қалай оқиды?», «Оқушылар қашықтықтан оқуға дайын ба?», «Қашықтықтан оқуға оқушылардың әлеуметтік жағдайы жете ме?» деген үрейлі сұрақтар  кез-келген ұстаздың көкірегіндегі  шешуі қиын да қорқынышты мәселе еді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап  көрсетілген. Еліміздің  жарқын болашағы –ұстаз қолында. Сондықтан, бұл жерде бізге, яғни, ұстаз қауымына  үлкен міндет пен жауапкершілікті талап етті. Білім сәулесінің  нұрын себуші ұстаздарымыздың мойнына артылған сенім жүгі еді…

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлының бұйрығы негізінде 3-сәуір күні бүкіл Қазақстан мектептері сынама сабақты өтіп шықты. Бұл сынама сабақта оқушыларға да, ұстазға да тиімді электронды платформа таңдауына  жол сілтеді. Бірден бәріде оңай шешіле қойған жоқ. Алғашқы  кезде мұғалім тарапынан да, оқушылар тарапынан да қиындықтар кездесті. Атап айтар болсам  интернет жылдамдығының аздығы, бір үйде бірнеше баланың бір смартфонда тапсырмаларды орындауы , тек  смартфонның ата-анада, олардың жұмыста болуы әрине, қиындық туғызды.Осы мақсатта, Жаңаөзен қаласындағы №12  жалпы білім беретін бастауыш мектепте  де төтенше жағдай кезеңінде қашықтықтан  білім беруге көшіп, өскелең ұрпаққа үздіксіз білім беруді қамтамасыз етуде жүйелі де жоспарлы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп басшысы  Усенова Зәуреш  Орынбасарқызы және мектеп әкімшілігі мен  пән мұғалімдері,сынып жетекшілері ақылдаса келе, WhatsApp желісінде Асхат Қанатұлының бұйрығын басшылыққа ала отырып, кедергілер мен қиындықтардың шешу жолдарын қарастырды. Материалдық жағдайлары төмен отбасына мектептегі ноутбук, компьютерлерді уақытша пайдалануға берілді.Осылай кедергілерден біртіндеп шыға бастады. Бұның өзі мемлекет басшымыз Қ.Тоқаев пен ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың аз ғана уақыт ішінде  мұғалімдер мен білім алушыларды қолдау есебінде  халыққа аянбай тер төгу деп білемін.

6-сәуір күні оқу процесі басталды. Мектебіміз оқыту платформаларының ішінен  бірауыздан WhatsApp желісін таңдадық. Әрбір ұстаз алдында  күнделікті сабақ жоспарын жазуда,  тапсырмалар беруде,барлық мүмкіндікті пайдалану арқылы (бейнекөріністер) қайтсем оқушыларымды білім нәрімен сусындатамын?, қайткенде оқушы санасына білімді сіңіре аламын? деген алға қойған мақсат тұрды .Бұл жерде мұғалім психолог ретінде әрбір оқушының жүрегінен жол тауып, әдіс-тәсілдерімен жаңа сабақ мазмұнын игертуді жұмыстана бастады. Мұғалімдер стандартқа сәйкес сабақтар өтіп, BіlіmLand, Daryn.onLіne,Mektep.edu.kz және т.б интернет платформаларын пайдаланып, оқушылардан  WhatsApp ,ТеLegram желілері арқылы  кері байланыс  орнатып отыр.Сондай-ақ, «Балапан» және «Ел арна»  телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытында көрсетіп жатқан «BіLіmLand» интернет платформасының сабақтары ұйымдастырылып өтуде.Мұғалім күнделікті сабақта смартфонның арғы бетіндегі оқушыны өзіне жақын тартып , шәкіртке деген мейірімді төгуге асығатын жағдайға жетті.Қашықтықтан оқыту барысында  тек қана білім алып қоймай,мынандай төтенше жағдайда шәкірттерімізді ары қарай шығармашылық жұмысқа жетелеуде де құлшыныстың болғанын  айта  аламын. Қазақ  халқында «Көз – қорқақ, қол-батыр», «Көш жүреді,керуен түзеледі» демекші, көкірегіміздегі түйткіл сұрақтың күрмеуі шешіліп, жолға қойылып жатырғаны сөзсіз. Мұғалімдер өз елінің жас болашағына тәлім-тәрбие беруде тек қана баланың өмірі қалыптаспайды, сонымен қатар бүкіл  қазақ ұлтының болашағы, еліміздің қоғамы қалыптасады.

Елімізге төнген ауыр індетке қарамай, заманның көшіне ілесіп, жаңалықты тез қабылдап, қоғамның бір мүшесіне айналған ұстаздар қауымының қадірін ата-аналар да түсінгендей. Себебі, әлеуметтік желілерде таралып жатырған бейнекөріністер солардың дәлелі.

Қазақстаннның өркендеуіне, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуына  қашықтықтан оқытудың да ықтималдылығы үлкен әсер  етеді. Күннен-күнге еліміздің негізгі басымдықтарын осы қашықтықтан оқыту-  «Цифрлы Қазақстан » бағдарламасын қолдағандай іспетті. Бұл  көшті мұғалімдер қауымы қолдап, әр түрлі технологияда өз шеберліктерін салып, балаға тиімді жолын көрсетуде бар күшін аянбай  салып жатыр. Мұғалім тек өз пәнін терең біліп қоймай, мықты психолог пен ақпаратты сауатты болуы шарт. Бұл – бүгінгі күннің талабы.

Ойымды қорыта келе,еліміз аман  болып, халқымыз жаман індеттен аман-есен  тез құтылып, мектебі мен ұстаздарын сағынып жүрген шәкірттерімізді жылы шыраймен қауыштыруға  жазсыншы деп тілеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.