Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
«№12 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Алиева Сауле Турганбаевна
Бүгінгі таңда қашықтықтан оқыту компьютерлік және интернетте оқыту технологиялары ретінде саналып отыр. Заманауи технологиялар мыңдаған километр бөліп турған шәкірт пен оқытушы арасын байланыстырушы болып табылады. Қашықтан оқыту жүйесі дербес компьютер (ДК) көмегімен және интернетке шығу арқылы қажетті дағдылар мен жаңа білім алуға мүмкіндік береді.Қашықтан оқыту өте икемді жүйе, ол барлық оқу үрдісіне қатысушыларға (оқу орнының әкімшілігі мен оқытушыларына, оқушыларға) сабақты қолайлы уақытта таңдауға мүмкіндік береді. Бұл қашықтан оқытуның пайдасының екінші маңызды дәлелі .
Елімізде «COVID-19»індетінің таралуының себебінен төтенше жағдайдың жариялануына 6 сәуірден бастап оқушыларды жаңа форматта сабақ оқытуға бейімделді.Осы жағдайға байланысты төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыта бастадық . Қазіргі таңда қашықтықтан оқудың төртінші аптасы жүргізілуде. Бұл жүйеге көшудің алдында мұғалімдердің, сондай-ақ, ата-аналардың ойында сан сауал болды. Алайда мемлекетіміздің ақпараттық технологияларының жақсы дамығандығының арқасында, мұғалімдер мен оқушыларға арналған «Bilimland», «Imektep», «Daryn online», «You tube» желілерінің базасында ресурстық материалдардың қол жетімділігі және сабаққа керек барлық мәліметтердің болуы бұл сұрақтардың жауабы болғандай.
Интернет желісіне қосылу мүмкіндігі бар (тіпті өте жиі емес) компьютермен кез-келген уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жұмыс істейтін немесе үй шаруасымен айналысатын студенттер үшін өте маңызды, сондай-ақ денсаулығына байланысты өз үйінен шықпайтын адамдарға білім алуға мүмкіндік береді. Оқушы оқу барысында үнемі оқытушымен кеңесуіне мүмкіндік береді.
Білім және ғылым министрлігі бұл жүйеге үлкен дайындықпен қадам басты. Барлық жағдайларды қарастыра келе, барлығына қол жетімді болу үшін телевидениені де білім саласына ұштастыра білді. Атап айтсам, төртінші тоқсанның басталысымен онлайн сабақтар «Балапан» және «Ел арна» телеарнасында 1-11сынып оқушыларына арнап аптаның бес күн бойы сабақтар жүргізілуде.Бұл арналарда күнделікті жаңа бейнесабақтар толық түсіндіру жұмыстары жүргізіп жатыр. Бұл бірінші кезекте үй жағдайында білім алуға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Себебі қазіргі таңда теледидар көпшілігімізде бар.
Ал мұғалімдер тарапынан асқан сабырлық пен шеберлік қажет еді. Себебі оқытудың жаңа форматын меңгере отырып, оны балаға білім беруде қолдану қажет болды. Мұғалімдер өзіндік шеберліктерін іске қоса отырып, түрлі форматта сабақ дайындады. Кейбір ұстаздар бейне сабақ жасап, ал басқалары, әлеуметтік желілерді пайдалана отыра жаңа тақырыпты балаға меңгерту жолдарын қолданды. Педагогтар әр баламен кері байланыс жасап, комментарий беріп, қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат беріп жаңа білімді меңгертуде.
Осы кезекте айта кететін жайт, балаға білім берудің бұл тәсілі бірінші кезекте ата-аналарға салмақ түсірді. Себебі ата-ана берілген мәліметті баланың ұғуына көмектесу қажет болды. Бұл жағдайда білікті педагогтың орны бөлек екені түсінікті-ақ. Десе де, барлық ата-аналар өз баласы үшін және оның болашағы үшін барынша тырысып бағуда. Бұл орайда ата-анамен ұстаз арасы жақындай түсті. Ата-аналар ұстаздың еңбегі ерен екенін бағалап, алғыс білдіруде.
Биылғы оқу жылының ерекшелігі мәңгі есте қалары сөзсіз. Дегенмен, түрлі эмоцияларға беріліп, алдыңдағы жиырма бес балаға сабағыңды түсіндіріп, оны талқылап, өзара пікір алмасқанға не жетсін. Бұл уақытша қиыншылықты жеңуге барынша тырысудамыз.Оқушылармен, ата-аналармен және педагогтермен бірігіп қашықтан оқытудың сапалы жүйесін құра алатындығымызға сенімдімін.Ең бастысы, біз әрдайым кері байланысты, ұсыныстар мен тың идеяларды қуана қабылдауға дайынбыз . Әлбетте, бәрі айтарлықтай оңай емес. Орта білім беру жүйесіне қатысты үлкен жұмыс атқарылуда, қазірдің өзінде нәтиже бар деп айтуға болады
Біз бүгінгі таңда осы көмекші ұйымдардың нұсқаулығын басшылыққа ала отырып оқушыға білім берудеміз, ол біздің ұрпағымызды болашақта ізденімпаз, білімді өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеп үйретері сөзсіз. Дегенмен сабақ өтуімізге, оқушылардың білім алуына, ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуға ештеңе де кедергі бола алмайды. Өйткені ойымыз бір, мақсатымыз бір, арманымыз ортақ! Біз біргеміз!