Home » Мақалалар » «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ»

«ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ»

ХХІ ғасырдағы қашықтықтан оқыту бүкіл әлемді жаулап алады.

Бүгінде әлемдік пандемия, жаппай оқшаулану білім беру ұйымдарына да айтарлықтай өзгерістер әкелуде. Еліміз бойынша ТЖ жарияланып, сақтық шаралары қолға алынуда. Мемлекет тарапынан ел азаматтарына сақтық шаралары насихатталып, көпшілік шоғырланған жерлерге бармау керектігі ескертіліп жатыр. Мақсат: адам қоғамдық ортадан неғұрлым қашық жүрсе, өзіне және жақындарына пайдалы болатынына көздерін жеткізу.

Қарақия ауданында орналасқан «Кешкі мектеп» еліміздегі білім ошақтары секілді қашықтықтан білім беріп жатқан мекемелер қатарында. Төтенше жағдайдағы тиімді шешім оқыту үдерісіне нәтиже әкелетіні белгілі. Сондықтан, жаңа жүйені меңгеру оқу орны мұғалімдері үшін тиімді болуда десем артық айтпаймын. Ғаламтор желісіндегі жаңа білім беру ресурстары қазіргі уақыттағы жаңашыл мұғалімнің сабақты тиімді ұйымдастыруда таптырмас құрал екенін айтқым келеді. Ол жерде пәнге деген қызығушылықты арттыратын дидактикалық және үлестірмелі материалдар оқушыны сабаққа қызықтырып, түрлі тест тапсырмалары арқылы алған білімін қорытындылауға мүмкіндік береді. Қазір шәкірттер Daryn.Onlain платформасындағы тапсырмаларды қарап, BilimLand сайтындағы материалдарды аса зор қызығушылықпен тамашалауда.

Анықтап байқасақ, барша халықтың күнделікті уақытта қолданып жүрген жаңа технологиялары қолайлы және арзан болып келеді. Ғаламтор арқылы қашықтықтан оқыту барлық әлемде қарабайыр жүйе болып саналатыны жасырын емес. Қазіргі кезде Батыс елдерінен Америка және Еуропада қашықтықтан оқыту бойынша үлкен танымалдыққа ие.

Сондай-ақ қашықтықтан білім беру жүйесі – коммуникациялық технологияларды қолданып, оқытушы мен оқушының байланысы арқылы жүзеге асатын жоспарлы сабақ десек қателеспейміз. Себебі, кешкі мектептің білім алушылары үшін қашықтықтан білім алу тиімді әрі қолайлы десем орынды. Аталған бағдарлама арқылы шәкірттер Ғаламтор желісіне шығуға және оның шексіз мүмкіндіктерін қолдануға рұқсат алып отыр.

Өз тәжірибемнен байқағаным, интернет арқылы қашықтықтан оқыту — білім алу ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар болашақта дәстүрлі және өзекті мәселе болмақ.

Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы
№3 кешкі жұмысшы жастар орта мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бақтыбаева Мадина Дүйсенғалиқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.