Home » Жаңалықтар » Оқу сапалығы — оқушы жетістігі

Оқу сапалығы — оқушы жетістігі

Алматы қаласы, Медеу ауданы
№100 жалпы білім беретін мектебінде
“Кешенді оқыту әдістері арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру. Оқу сапалығы — оқушы жетістігі” атты қалалық методикалық семинар өтті.

Семинарға Медеу ауданы білім бөлімі басшылығы және қала мектептерінің директорлары мен ұстаздары қатысты.

Семинар мектеп директоры Калынбаева Карлыгаш Нургазиевнаның алғы сөзінен басталды. Артынша ұстаздар кабинеттерге тарап, сабақтарға қатысты. Орыс тілі, орыс тілі әдебиеті, математика сабақтарынан ашық сабақтар өткізілді. Әр сыныпта оқушылар топпен жұмыс жасап, сабақтарға белсенді қатысты. Ашық сабақтар жоғары деңгейде өтті.

Практикалық сабақтардан соң “Кітап — досың, ақылшың” бөлімі өткізілді.
Бұл бөлімде мектеп басшылары “Томирис”, “Бақытсыз Жамал”, “Абай жолы”, “Абайдың қара сөздері” атты
4 топқа бөлініп, топтық тапсырмалар орындады.

№100 жалпы білім беретін мектебінде оқушылар мен ұстаздарға арналып өткізілген кітап акциясы туралы сөз қозғады. №100 жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары бағыттары бойынша бірнеше топқа бөлініп,
оқыған кітаптарынан көріністер қойды. Олардың ішінде “Бақытсыз Жамал”, “Абай жолы” т.с.с. кітаптар бар.
Сахналанған көріністер бойынша топтарға сұрақтар қойылды.
“Мен жазушы болсам” айдарында ұстаздар қаламдарының қарымды екендерін көрсетті.

Семинар соңында барлық ұстаздар
№100 жалпы білім беретін мектебінің директорына және ұжымына өз алғыстарын білдірді. Семинар оқушылардың хорымен аяқталды.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан
Ақерке Аманқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.