Шет тілдер кафедрасының оқытушылары 06 наурыз күні механика-математика факультетінің “Ғарыштық техника және техникалар”, “Математикалық және компьютерлік модельдеу”, “Механика”, “Математикалық және компьютерлік модельдеу”, “Актуарлы математика” мамандықтарының студенттерімен бірге “Тұрақты даму мақсаттары” бағдарламасы аясында 4 -ші бағдарлама «Сапалы білім» атты үш тілде халықаралық іс-шара өткізді. Іс-шарада студенттерге 2015 жылдың қыркүйегінде Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен өткен дүниежүзілік тұрақты даму саммитінде мүше мемлекеттер 2030 жылға дейінгі “2015-2030 жылдарға арналған тұрақты даму мақсаттары” атты “Тұрақты даму күн тәртібін” ресми түрде қабылдағандығы туралы, бұл күн тәртібінде 17 мақсат бар, оның ішінде білім берудің жаңа жаһандық мақсаты (SDG 4) екендігі , бұл мақсат-инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру – жеті мақсат пен үш іске асыру құралын қамтитындығы, 4-мақсат азаматтық қоғамның, білім беру қызметкерлерінің, кәсіподақтардың, екіжақты мекемелердің, өңірлік ұйымдардың, жеке сектордың және ғылыми-зерттеу институттары мен қорларының белсенді қатысуымен өткізілген мүше мемлекеттер арасындағы консультациялардың кең ауқымды процесі барысында келісілгендігі туралы айтылды.
Сондай-ақ, іс-шарада оқытушылар мен студенттерге ТДМ бойынша 4-ші бағдарламада мынадай міндеттер қарастырылған:»Инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру»
4.1. 2030 жылға қарай барлық қыздар мен ұлдардың сұранысқа ие және тиімді оқу нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін тегін, тең және жоғары сапалы бастауыш және орта білім алуын қамтамасыз ету
4.2. 2030 жылға қарай барлық қыздар мен ұлдардың бастауыш білім алуға дайын болуы үшін ерте балалық шақта сапалы ерте даму, күтім және білім беру жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету” жөнінде маңызды ақпараттармен таныстырылды. Онда механика-математика факультетінің “Космостық техника және технологиялар” мамандығының 1-курс студенттері мамандықтарына қатысты үш тілде слайд қорғады. Актуарлы математика мамандығының 1-курс студенті де ағылшын тілінде білімнің дамуы жайында слайд қорғап, өз ойын ортаға салды. Ал шетелде, Польша мемлекетінде және параллельді түрде Туркияда “Erasmus+” бағдарламасы бойынша грант жеңіп алып, 2-курста оқып жатқан қазақстандық студент Алхабек Аян Абжанқызы зум платформасы арқылы іс-шараға қосылып, сапалы білім алу жайлы, оның ішінде студенттерге шетелде грант бойынша білім алудың қаншалықты маңызды екенін слайд жасап, баяндама жасай отырып дәлелдеп берді. Танымы мол іс-шараны студенттер әнмен әрлеп, бимен тәмамдады. Іс-шара соңында шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жұбанова Күләш Харезмқызы іс-шараның өте жоғары деңгейде өткендігін, оқытушылар мен студенттерге құнды ақпараттар берілгендігін айтып, студенттердің белсенділігіне тоқтала отырып: “Құрметті студенттер, еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтан, жақсы оқып, сапалы білім алып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенеміз”, — деп, өз сөзін аяқтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Филология факультеті,
Шет тілдері кафедрасының оқытушысы
Құралова Алтынқыз Тоқтарқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Филология факультеті,
Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы
Жұбанова Куләш Харезмқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Филология факультеті,
Шет тілдері кафедрасының ф.ғ.к.
Айсұлтанова Қарлығаш Әбдіхалыққызы