Home » Мақалалар » Қашықтықтан білім беру

Қашықтықтан білім беру

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№8 жалпы  білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш  сынып мұғалімі
Аллаярова Жанар Жумабековна

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

                                  Н.Ә.Назарбаев 

Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Осы технология бойынша оқытуды ұйымдастырып, бүкіләлемдік желі көмегімен барлық компьютерлерді бір желіге біріктіріп сабақ өтуші тұлғаны тьютор деп атаймыз.

Елімізде туындаған төтенше жағдайға байланысты барлық білім беру ошақтары қашықтықтан оқуға көшті. Осыған орай бүкіл ата-аналарда сонымен қатар ұстазадарда да үрей туа бастады. Себебі, бұдан бұрын мектептерде қашықтықтан оқыту үшін техникалық дайындық болмаған, интернет платформалары да дайын емес, ұстазадардың үй жағдайында оқытуға дайындығы жоқ, сондай-ақ интернет мәселесі тағы бар. Кейбір көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар үшін бұл тиімсіз сияқты көрінді. Бірақ мектеп тарапынан желіге қосылу үшін уақытша компьютерлер беріліп, ұжымдағы кейбір қайырымды жандардың арқасында осындай отбасыларға ұялы телефондарына желіге қосылу үшін бірлік те салынып берілді. Әрине, әлеуметтік педагогымыз Гүлнұр Айтбекова да бұл сәтте шетте қалып қоймай, өз ісінің шебері екенін тағы да бір айқындап аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға азық-түлік апырып, екі оқушыға ұялы телефон сыйлады.

Қашықтықтан оқыту алғаш сынама сабақ өткізілген күннен бастап мектебін сағынған оқушылар үшін әртүрлі желі құралдары арқылы оқуға қызығушылығын арттырып қана қоймай сабаққа деген белсенділігін күшейтті. Әсіресе, бұл бастауыш сынып  оқушылар үшін қызық еді… Мұғалім мен сыныптастарынан алшақта білім алу  олар үшін психологиялық тұрғыдан қарағанда  қызықты ойын сияқты еді…  Осы сәтте оқушылардың үніне құлақ түре отырып қашықтықтан оқудың олар үшін тиімділігі мен қиыншылықтары жөнінде өз сыныбымнан сауалнамалар жүргізіп олардың пікіріне құлақ түрдім. Олардың айтуынша қашықтықтықтан оқу жеке дербес пікіріңді айқын  және еркін айтуға мүмкіндік туды. Себебі мектепте уақыт тығыз болатын және кейбір оқушылар сыныптастарының көзінше қате пікір айтып, ұялып қаламын деген қорқыныштан арылуға мүмкіндік берді. Сонымен қоса ұялы телефонды дұрыс қолдануды түсіндірді. Бұрын тек ойын үшін қолданамыз деген қате пікірді санамыздан жойды. ҚО-дың тиімді тұстарын айта берсек көп. Ең бастысы ата-анамыз жанымызда, сабақты түсінуіміз үшін барын салуда. Бір сабақта екі анамыздың қоса түсіндіруінің арқасында бәрі оңай деп жауап берді.

Ал, кемшіліктеріне келетін болсақ, мектебі мен ұстазына және сыныптастарына деген сағынышын сөзбен жеткізу қиын деп, кейбір оқушылар көздеріне жас ала жылап жіберді. Сонымен қоса мектепте өткізілетін әртүрлі сайыстар мен мерекелік іс-шараларды, сахнаны сағынғандарын айтты.

Қорыта келгенде, ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.