Home » Мақалалар » «Қашықтықтан оқыту» жаһандану үрдісінде…

«Қашықтықтан оқыту» жаһандану үрдісінде…

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
» №12 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Турениязова Гаухар Андреевна

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында енгізілген төтенше жағдай, елдегі ахуалдың күрт өзгеруіндегі негізгі фактор екендегі анық жайт. Осынау күрделі кезеңде мемлекет тарапынан халықтың күнкөріс сапасын арттыру негізінде біршама аталмыш жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі және бірегейі қашықтықтан оқыту технологиясы.

Қашықтықтан оқыту — тек қана ғаламторды пайдала отырып оқу тәсілі емес, ол білім алушы мен педагогтың бірлескен өзара іс — қимылы негізінде ақпараттық — коммуникациялық және телекоммуникациялық құралдарды қолдану нәтижесінде, оқу процесінің үздіксіз жүруіне әсер етуші заман талабының «жаңа жаңалығы».

Бүгінде елімізде қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жоғары оқу орындары мен колледждер online, ал мектеп платформасы offline оқыту режимінде білім беру-алу процестерін жалғастыруда.

Online оқыту режимінде оқу процесі оқытушы мен студенттің ассинхронды тілдесуі негізінде жүзеге асса, offline оқыту режимінде оқушылардың ақпараттарды «EDUS» электронды қосымшасы, «YOUTUBE, BILIMLAND» электронды сайттары көмегімен ұғынып болғаннан кейін, «Whatsapp, электронды пошта» мессенджерлері арқылы кері байланыс жүргізуінің тиімді тәсілі ретінде таңдалынып алынды.

Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз білім беруді одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстан индустрияландырылуының және инновациялық дамуының тірегіне айналуы тиіс» жолдауын бағдар етіп, біздің №12 орта мектебі де оқу процесінің түсінікті әрі кең ауқымды болуын қадағалап, мектеп басшылығы мен мұғалімнің тығызды да, тыңғылықты іс — әрекеті негізінде жүзеге асырылуда. Осы тұрғыда, ата-аналар тарапынан да мұғалім мен оөушының бір-бірімен жұмыс жасай алуына, барша мүмкіндікті пайдаланып отырғандығы тағы бір қуантарлық сәттің бірі.

» Көп түкірсе — көл» деген ұранды мығым ұстап, қиын-қыстау шақта «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» халқымыздың ауыз біршілігі ыдырамай, болашақта да Қазақстан білім кеңістігінің жаңа белестерін бағындаратынына зор үміттемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.