Home » Мақалалар » Сабырлы  бол!  Үйде  бол!

Сабырлы  бол!  Үйде  бол!

                                                                                                                       Маңғыстау  облысы,
Мұнайлы  ауданы
                                                               «№9 жалпы  білім  беру  орта  мектебі»КММ
                                    Химия  пәні  мұғалімі  Утебоева Олтыной  Муратовна

 

Қазіргі  төтенше  жағдайға  байланысты  қашықтан білім беруге  көшу – коронавирустық  инфекцияның  таралуын  азайтуға  бағытталған   стандарттық  үдерісі  жүзеге  асырылуда. Өкінішке орай, басқа таңдау жоқ. Оқу процесі  тоқтатылмауы тиіс. Кішкене сабыр қылсақ бұл кезеңнен де өтерміз, бүкіл әлем бойынша  қаншама  оқушы  қашықтан  оқу барысында  сабақ өтуде. Дүниежүзі қауіпті вируспен қалай күресіп жатса, біздің мемлекетіміз де халықтың амандығы үшін барынша тиімді шараларды іске асыруда.Сонымен қатар, біздің  Мұнайлы  ауданының  №9  жалпы  орта  білім  беру  мектебінің  оқушылары  да  өздерінің  үндеулерін  көрсете білді. Мысалы, мемлекеттік  онлайын  сынып  сағаттар барысында  балалар  да, бүгінгі сынақ кезеңінде бірігіп күресуге, сабырлы  болуға  шақыратын   # Үйде  бол! , # Сабырлы бол! , # Біз біргеміз! сияқты  челенджер  көрсетті. Эпидемиялық төтенше жағдай кезіндегі білім беру жүйесінде  әрине  кейбір  қиындықтар болды. Бір отбасында бірнеше оқушы болған жағдайда бір компьютер мен бір смартфонды пайдалану ыңғайсыз болуы немесе қажетті техниканың мүлдем болмауы деген  сияқты мәселелер туындаған  еді.

Алайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тапсырма бергеннен  кейін, бұл мәселелер  өз  шешімдерін  тапты. Әкімдіктермен бірлесе отырып, мектептегі компьютерлерді оқушыларға, ата-аналардың  жауапкершілігне  уақытша пайдалануға беру, тіпті, қажет болған жағдайда, мектептің  әлеуметтік көмегінің  арқасында  мектептерге қосымша техника (планшеттер немесе компьютерлер) сатып алып, оларды да уақытша пайдалануға беру мәселелері жүзеге  асты.

Сонымен  қатар, балалар жаңа форматта «Балапан»және «Ел Арна» телеарна  эфирлерінде  қосымша сабақтар қарау арқылы өздерінің кері байланыстарын  интернет желісі  арқылы (ватсаппен ) жіберіп  отырады. Ия, бүгінгі  күні оқушылар өздеріне  ыңғайлы интернет желісі  арқылы байланысуын  таңдаған.

Қазір  ІV тоқсанның  төртінші  аптасының  қашықтықтан  оқыту  сабақтары өтуде, дүние  түрлі  тосын  сыйларға  толы. Бір  қиындықтың  арқасында  жасырынып , жақсылық та  тұрады  демекші, осындай  қиын — қыстау  кезеңде  біздің  білімді  әрі  жігерлі ұстаздар  мен  қызметкерлердің  арқасында  түйткілді  тығырықтардан  шығамыз  деп  ойлаймын. Өтпелі  кезең өмірімізге  өзіндік  із  салмақ. Ал , біз  ұстаздар  қажырлы  еңбегіміз бен  алға  ұмтылайық. Ертеңгі  күні  біздерді  тағы  қандай  тосын  құбылыстар, өмір  кезеңдері  күтіп  тұрғаны  беймәлім. Сондықтан, мен  ұстаздарымызды  өздерінің  шәкірттерімен  бірге  үйде  болуға, сабырлы  болуға  шақырамын! Ұстаздар  қауымына  осындай  қарқынды  еңбектеріне, ІV тоқсанды  нәтижелі аяқтауларына  сәттілік  тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.