Абилова Анель Санмуратқызы
Қарақия аудандық білім бөлімі
«Құрық ауылының №11 орта мектебі» КММ-нің
География пәні мұғалімі
2020 жылдың 11 ақпанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус әлемді жайлаған дертті пандемия деп жариялаған болатын. Бұл дерт Қазақстаннан да аттап кетпеді. Арада бір ай өткен соң, Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 16 наурызында елімізде төтенше жағдай режимін жариялады. Міне сол уақыттан бері біздер, яғни мұғалімдер қауымы «оқушыларға қайткенде сапалы білім бере аламыз» деп, жан-жақтан түрлі технологияларды, әдістерді іздеп, өз тәжірибиемізден өтіп көрдік. Міне солардың ішінде маған ең тиімдісі, әрі ыңғайлы платформа «Classtime» туралы өзге де әріптестеріммен бөлісуді жөн санадым.
Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың келесі түрі — «Classtime». Бұл платформаның басқалардан ерекшелігі:
- Оқушылар мен мұғалімдер платформаны түрлі гаджетпен пайдалана алады;
- Classtime орнатуды қажет етпейді, яғни сілтеме арқылы жұмыс жасайды;
- Оқушыларға аккаунт құруды талап етпейді;
- Мұғалімдер оқушылардың тапсырманы орындалуын бақылай алады.
Сонымен қатар, Classtime-да оқытып қана қоймай, оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды әзірлеп, оларды жылдам бағалауға, кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Әсіресе бұл платформаны сабақты бекіту кезінде пайдаланса тіптен керемет. Және де тапсырмаларды әр түрлі бағытта құрастыруға болады: бір немесе бірнеше жауабы дұрыс тапсырма; жалған/шындық; мәтін; сәйкестендіру; сурет арқылы бейнелеу тағы да басқа тапсырмалар.
Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт. Сабағымыздың сапасын түсірмей, ел болашағы оқушыларымыздың білімін арттыра берейік. Індеттен аман болу үшін үйде болайық. Біз біргеміз, бірге қиындықты жеңеміз!