Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері

Маңғыстау облысы
Мұнайлы  ауданы
№8 жалпы білім  беру орта мектебі
Бастауыш  сынып мұғалімі
Таджикулова Акзия Коверкановна

         Төртінші  тоқсан  сабағын  оқушылар үйден оқып жатыр. Қашықтықтан оқытудың жайы мүлдем бөлек . Төтенше жағдайдағы оқу кезеңі  мұғалімдерді  бұрынғыдан да ширатып жіберді. Елімізде қиын жағдайларға қарамастан  жұмыла көтерген жүк жеңіл  деген сөз бекерден бекерге айтылмаса керек. Егер  барлығымыз бір  жағадан  бас, бір жеңнен  қол шығарып бірлесе жұмыс атқарсақ, бұл қиын кезеңді де артқа тастайтынымызға кәміл сенімдімін. Қашықтықтан оқыту көп жылдан бері оқу орындарында дәстүрлі түрде өз орнын  тауып келген. Коронавирустың таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды. Теледидар  арқылы онлайн сабақ өткізу бұрын соңды болмаған жаңа формат. Балаларымыз  Ел арна және Балапан телеарнасының  IV тоқсанның жоспары бойынша тақырыптарды тыңдап, видео сабақтар қарауда.  Ата- аналар да өз тараптарынан қолдау көрсетіп түсіністік танытып, балалардың сабаққа қатысуын, сабаққа деген ынтасын қадағалап отыруда. Күнделікті балаларды көріп үйреніп қалған біз, яғни ұстаздар қауымы үшін  оқыту жүйесі алғашқы күндері  біраз қиындықтар туғызды.

Алайда, уақыттың өтуімен  мұғалімдер қауымы стандартқа сәйкес сабақтар өтіп, көптеген интернет платформаларын пайдаланып,whatsApp, Telegram желілері арқылы кері байланыс орнатып оқытуды меңгеріп кетті. Казіргі таңда оқушыларымыз сабақ үдерісіне бейімделіп, белсенді қатысып отырады.

Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына зор мүмкіндік туғызады және өз ісіне жауапкершілікпен қарауына жол ашады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.