Қашықтықтан оқыту дегеніміз– ақпараттық құралдар және ғылыми тәсілдермен негізделген білім алу формасы.Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
«Қашықтықтан оқыту» деген ұғым алғаш рет Еуропа елдерінде қолданыла бастады. XIX ғ. ортасынан бастап қарапайым пошталық тасымалдау қызметінен басталса, XX ғ. радио мен теледидардың пайда болуына байланысты жүйелі түрде тұрақты дами бастаған.
Ал, елімізде 2020жылы сәуірдің 6-да қашықтықтан оқыту басталды.Таңертеңгі 8.00-ден 13.30-ға дейін «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы оқушылар білім алуда. Бастауыш пен 9-сыныпқа дейінгі оқушылар таңертеңгілік мезгілде оқыса, жоғары сынып оқушылары түстен кейін оқитын болды. Телеарнада көрсетілген бағдарламалардың кестелері алдын — ала таратылып отырады.Соған сәйкес әр сынып өзіне арналған бейне сабақтармен танысып, үнемі ұстаздарымен кері байланыс жасайды.
Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді.Оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады және ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.
Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы
«Жетібай ауылының №4 орта мектебі»КММ
Физика пәнінің мұғалімі Каршыгаева Гаухар Базаргалиевна