Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданындағы
«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мухамедова Камила Абдураимовна
Қашықтықтан оқыту — бұл мұғалім мен оқушы бір-бірімен қашықтықта отырып, ғаламтор ресурстарының көмегі арқылы оқыту формасының тәсілі.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты мектеп оқушылары осымен үш апта шамасында қашықтықтан оқып жатыр, бұрын–соңды мұндай тәжрибе болмағандықтан бастапқыда түсінбеушілік көп болды. Мұғалімге де, оқушыға да бірден оңай болған жоқ. Мұғалімдер көктемгі демалыс кезінде қашықтықтан оқыту жүйесімен танысып үлгерді. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі әр мектепке кез келген интернет платформасын таңдауға мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі отбасыларының балаларына қашықтықтан оқу процесінен тыс қалмау үшін, ата-аналардың жауапкершілігіне мектеп әкімшілігі тарапынан мектеп комьюторлары берілді.
Осы орайда мұғалімдердің қызметін атап өтуге болады. Әрине, уақыт өте келе қиындықтар жойылып, ұстаздарымыздың компьютормен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуінің арқасында оқу процессі тез арада ретке келді. Басқарманың мәліметінше министрлік тарапынан берілген тапсырма орындалып, тиісті жұмыстар уақытылы атқарылып жатыр.
Мұнайлы ауданы №8 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімдері қазір қашықтықтан оқыту жүйесіне әбден үйреніп кетті.
Яғни, қашықтықтан оқыту барысы қалыпты жағдайда жүргізіліп отыр. Әріптестер өзара байланыста болып, ақылдасып, мәселелердің шешімін табуда. Мектеп әкімшілік тарапынан сабақ кестесі бойынша тексеріп, қадағалап отыр.
Осы тұста WhatsApp,Zoom,Bilimland сияқты интернет платформалармен жұмыстар жүргізілуде. Электрондық журналдар (mektep.еdu.kz) жүйесінде де белсенді жұмыстар атқарылуда. Қашықтықтан оқыту оқушының үйде отырып білім алуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың құралы — Интернет.
«Ананың көңілі — балада, баланың көңілі — далада» демекші , қәзіргі таңда баланың көңілі теледидарда деп ойлаймын.
Оқушылар қашықтықтан оқыту барысында IV тоқсанның сабақтарын телеарнадағы «Балапан», «Еларна» каналдарында онлайын сабақтар, ватсап ғаламтор желісінде оқылатын оқыту бағдарламаларын қабылдап, өзіне оқуды ыңғайлы жерде, тиімді уақытта орындамақта.
Мұғалімдер де, оқушыларға тиісті тапсырмалар беріп, кері байланыс жасап сабақтың қалай өткенін қорытындылап, қолда бар қолжетімді құралдар арқылы белсенді түрде жұмыстарын атқарып отыр. Оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды суретке түсіру арқылы,немесе видеоға түсіру арқылы орындап жіберіп отырады.
Қашықтықтан оқыту заман талабы, алайда тосыннан келген бұл жағдайда, бүгінгі күні бала үйде отырған кезде, қалайда білім стандартынан қалып қоймас үшін, оқуын үйде жалғастыру деген бағытта қолға алынып отыр. Жаңа формат жүйесі бойынша, ұсздарымыз әріқарай жұмысты жандандырады деп ойлаймын. Себебі, біздің білім саласының мамандары қиын-қыстау кезде де кез келген тығырықтан жол таба білетін керемет ұстаздар!