Жаңа ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған тəуелсіз Қазақстан Республикасының əрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, оқытып, логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда пəн мұғалімдерінің рөлі зор. Оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қатар, олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, ой-өрісін кеңейтіп, зеректік, іскерлік жəне табиғат құбылыстарын жеке бақылағыштық қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарайтын сезімдерін жетілдіреді.
Өздеріңіз жақсы білетіндей, 6 сәуірден бастап еліміздің барлық мектептері төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқыту жүйесіне көшті.
Қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығымыз білеміз.
Осы орайда оқушыларды қазіргі заман талабына сай жерсерік арнасы арқылы қашықтан оқыту жəне электрондық оқулықтарды пайдаланып, әр түрлі пəндерге деген қызығушылығын арттыру — əрбір мұғалімнің міндеті.
Əрине, электронды оқулықтарды қолданудың əсері мол. Осы талаптарды жүзеге асырудың бірінші талабы оқушының компьютерлік біліктілігіне байланысты.
Алматы қаласы Түріксіб ауданының №31 ЖББ мектебінің ұстаздары да оқу процесінің кешенді тұрғыда жүзеге асыруда электродық оқулықтарды қолданып отыр.
Оқыту үрдісінің негізгі мəселесі — оқушыға іргелі де терең, тиянақты жүйелі білім беру.Бүгінгі күні бұл міндетті электрондық оқулық жүзеге асыруға тікелей көмегін тигізуде.Атап айтсақ «Алматыкітап», «Атамұра», «Арман ПВ», «ЦПТиО», «НЦИ» , «Келешек-2030», баспалардан шыққан электонды оқулықтар кешенді түрде қолданылуда.
Электрондық оқулықтар жаңа бағдарлама бойынша жасалған,сыни тұрғыда ойлауға негізделген сол жағы мұғалімге қолдануға тиімді әрі жеңіл.Сонымен қатар тапсырмалары да балалардың жас еркешеліктеріне сай жасалған,әсіресе әдемі суреттермен безендіріліп,шағын ғана мәтіндермен түсіндіріледі.
Электрондық оқулық пен оқытудың мақсаты — «оқыту процесін үздіксіз жəне толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектілік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жəне оның мына қасиеттерді қанағаттандырады: жинақтылық, жүйелік, көркемділігі, жылдамдылығы.
Бұл электрондық оқулықтың тиімді жері, қашықтықтан оқытуға, оқушының өздігінен оқып- үйренуіне жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Соның ішінде білім ордаларында оқыту тəжірибелерін жалпылауға жəне оны оқу орындарының ақпараттық жүйесінде нығайтуға көмектесетін электронды оқу басылымдары болып табылады.
Алматы қаласы
Түріксіб ауданы
№31 ЖББ мектеп кітапхана меңгерушісі
Даулетова Нурсипа Толебаевна