Home » Мақалалар » «Қашықтықтан білім беру-заман талабы»

«Қашықтықтан білім беру-заман талабы»

Жаманкулова Айжан Нурлановна,
Мұнайлы ауданы, 
Бесшоқы тұрғын үй массиві,
№8 жалпы білім беру орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ХХІ ғасыр ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел даму ғасыры болды. Әлемдегі ақпараттық технологияның жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім мен технологияның жаңа салалары дами бастады. Бүгінгі күнде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда әркім өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, соған қоса ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтықтан білім алу жүйесі» болып тұр. «Қашықтықтан білім алу» әркімнің өзіне қажетті білімді іздене отырып, үйренуіне мүмкіндік береді. Оның тағы бір ерекшелігі-жас ерекшелігіне қарамастан, жұмыстан не оқудан қол үзбестен білімді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Елімізде болып жатқан соңғы жағдайларға байланысты, осы жылдың 16-наурызынан бастап мктеп қабырғасындағы оқушылар жаппай уақытынан бұрын көктемгі демалысқа шыққаны баршамызға мәлім. Ал, осы жарияланған төтенше жағдайға байланысты оқушылар оқу жылының IV-тоқсанын алғаш рет қашықтықтан оқыту форматына өтіп жатыр. Қазіргі таңда барлық мектептер сол қашықтықтан оқыту жүйесімен білім беріп жатқан жайы бар. Оқушылардың қашықтықтан білім алуында ата-аналардың атқарар рөлі өте зор.
Мұғалім,оқушы және ата-ана үшеуі тығыз байланыста болып сапалы білім берілуі үшін тиімді әлеуметтік желілер таңдап алынды. Атап айтсақ,солардың ішінде Youtube , Whatssap желілері күнделікті сабақта кері байланыс жасау үшін пайдаланылады.
Бастапқыда қиындықтар мен сәтсіздіктер болғаны рас, алайда бүгінгі күні оқушылар түгелдей дерлік уақыттарын тиімді пайдаланып,күнделікті кері байланыс орнатып отырады. Ал ең басты қуантарлық жағдай ата-аналар біле бермейтін заман талабына сай техникалық құрылғыларды балаларына сабақ үйрете отырып өздері де меңгеруде. Бұл да қашықтықтан оқытудың ата-аналардың дамуына үлесін қосар жетістігі деуге болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.